Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті №60 мекемесі жаңа жылмен құттықтады

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті №60 мекемесінің бастығы, әділет подполковнигі Өтетлеуов Мақсұт Өтегенұлы Қылмыстық-атқару жүйесінің құрметті ардагері Омаров Бақытжан Батырбайұлын келе жатқан 2024 Жаңа жылмен құттықтап, отбасына мерекелік сый табыстады.

“Қызығы мен қиындығы қатар жүретін бұл салада өзіндік сара жолыңызды салып, бірге иық тіресе қызмет еткен ұжымдастарыңыздың атынан отбасыңызға арнайылап әкелген мерекелік сыйымызды қабыл алыңыз. Құрметті демалысыңызда отбасыңызбен өткізіп жатқан әр сәтіңіз тек жақсы естеліктермен толығуына тілектеспін. Жаңа жылда деніңізге денсаулық, отбасыңызға бақ-береке тілеймін”,-деді мекеме бастығы, әділет подполковнигі Өтетлеуов Мақсұт Өтегенұлы. Мекеме бастығымен бірге мекеменің кадр саясаты тобының қызметкерлері де ардагерді мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...