Қызылорда облысында ірі мөлшерде есірткі еккен төрт тұрғынның ұсталған сәті видеоға түсіп қалды

«Қарасора — 2023» жедел — профилактикалық іс-шарасы аясында Қызылорда облысы Қазалы ауданында прокуратура, аудандық әкімдік және полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп жүргізген жұмыстар нәтижесінде 1086 (бір мың сексен алты) түп сора өсімдігін еккен қала тұрғындары ұсталды.

28-50 жастағы жұмыссыз төрт қала тұрғыны Қызылорда облысы, Қазалы ауданына қарасты Қызылқұм ауылының 265 шақырым жердегі шеңгел мен сексеуіл арасында сора өсімдігін өсірген. Айта кетерлік жайт, арнайы баптап өсірілген сораның ұзындығы 20 см-ге жеткен.

Полицейлер оқиға орнынан ірі есірткі алқабынан бөлек арнайы кептірілген марихуана, күдіктілердің жеке заттарын, сексеуіл бұталарынан жасалған екі қос, азық — түлік, сора өсіруге арналған арнайы жабдықтар: 20 метрлік шланга, күрек, кетпен, тырма, газ баллонын тәркіледі. Есірткі алқаптан бөлек алынған арнайы «кептірілген марихуана» 723 гр. көлемінде болып шықты. Күдіктілер Қазалы аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 300 — бабының 2 — бөлігімен (Ірі мөлшерде құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

ОТ ФОРМАЛЬНОГО УЧАСТИЯ – К РЕАЛЬНОМУ ВЛИЯНИЮ

Общественный контроль в Казахстане в условиях конституционных преобразований последних...

ОН ИСКРЕННЕ СЛУЖИЛ ПРАВУ

16 марта 2026 года ушел из жизни наш уважаемый...

Тіл – ұлттың жаны мен діңгегі

Ана тілі – мемлекеттің табан тірейтін тұғырлы темірқазығы. Тіл...

Сот актілерін орындаудың құқықтық негіздері

Сот актілерін орындау – құқықтық мемлекеттің маңызды элементтерінің бірі....

АПОСТИЛЬ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰЖАТ АЙНАЛЫМЫНДАҒЫ СОТ ТӘЖІРИБЕСІ

Қазіргі таңда азаматтардың шетелде білім алуы, жұмысқа орналасуы немесе...