Қызылорда – есірткісіз қала

Қызылорда есірткі полицейлері оқушылармен және студенттермен профилактикалық жұмыс шеңберінде жарияланған #бізесіртікігеқарсымыз #мыпротивнаркотиков челленджінің жеңімпазын анықтады.

Челленджге 44 оқу орны қатысты, олардың барлығы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының әлеуметтік желілер аккаунттарына тіркелгендер.Балалар есірткіні қолдану қаншалықты қауіпті екенін және салауатты өмір салтын ұстану қажеттігі туралы бейнероликтер дайындады. Есірткіге қарсы қатысушылар шешендік, спорттық, музыкалық, көркемдік қабілеттерін көрсетті. Челлендж эстафетасы облыстың оқу орындары арасында белсенді түрде өткізілді.

Үздік деп танылғандар: Қызылорда қаласының Абай атындағы дарынды балаларға арналған мектеп пен N3 мектеп – лицейі, Арал ауданының NN220, 262 орта мектебі мен мектеп-гимназиясы, Шиелі ауданының NN48, 152 мектеп – лицейі мен орта мектебі, Жаңақорған ауданының NN168, 164 орта мектептері, Жаңақорған ауданының N164 орта мектебі, Жалағаш ауданының N31 мектеп – гимназиясы. Жеңімпаздар сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына 20 үміткер анықталды

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі конкурстық комиссияның қорытынды...

ҚазҰУ-да «Жасанды интеллект дәуірі: Баспа ісі, медиа және дизайн» атты халықаралық күзгі мектеп басталды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ұлттық баспа күніне орай...

Жетісу облысындағы инсульт орталықтарында Cerebra жасанды интеллект жүйесі енгізілді

Жетісу облысындағы барлық инсульт орталықтарында ишемиялық және геморрагиялық инсультті...

Как горный туризм может расширить экономику Алматы

Развитие Алматинского горного кластера и проекта Almaty SuperSki может...