Қызылорда да түзеу мекемесінде «Қақпа алдында кездесу» шарасы ұйымдастырылды

Абайсызда немесе қасақана жағдайда қылмысқа барып, жазаға тартылған сотталған азаматтардың босатылғаннан кейін олардың қоғамға қайта бейімделуі үшін «Қақпа алдында кездесу» шарасының маңызы өте зор.

Бүгін Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталған «Д» есімді азамат жаза мерзімінің аяқталуымен мекемеден босап шықты.

Осыған орай, мекемеде «Қақпа алдында кездесу» іс-шарасы ұйымдастырылды. Шараға Қызылорда қалалық пробация инспекторы әділет капитаны Н.Көшекбаев, Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу оңалту орталығының маманы Нуртаева Раушан, Мансап орталығының маманы Д.Әбдібек пен мекеме психологы А.Аманова және САӘПТЖЖБ-нің босатылатын сотталғандардың тұрмыстық және жұмысқа орналастыру жөніндегі инспекторы әділет аға лейтенанты Ж.Арыстанова қатысты.

Кездесу барысында сотталғанға босатылғаннан кейін жұмыспен қамту, кепілді медициналық көмек, құқықтық көмек, пробациялық бақылап-қадағалау мәселелері бойынша құқықтық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Шара аясында қажетті ақпараттарды алған сотталған азамат мекеме әкімшілігіне және келген мамандарға өз ризашылығын білдірді. Сотталғанды заң талаптарына сай мекеме әкімшілігі жол қаражатымен қамтамасыз етіп, мекеменің тәрбие бөлімінің қызметкерлері жеке куәлігі мен жол парағын беріп, автобекеттен шығарып салды.

Әйелдер колониясында Жеңіс күніне арналған мерекелік іс-шара өтті

Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні қарсаңында Абай облысы бойынша...

В женской колонии области Абай прошло праздничное мероприятие ко Дню Победы

В преддверии Дня Победы в Великой Отечественной войне в...

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері Ұлы Отан соғысы батырларына арналған ескерткіштің салтанатты ашылуына қатысты

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің әйелдер колониясының қызметкерлері...