Қызылордалық 100-ге жуық кәсіпкерлердің құқығы қорғалды

Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментіне өңірлік кәсіпкерлер «Атамекен» палатасы арқылы «Қызылорда су жүйесі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының қызметіне шағымданды.

Атап айтқанда, мекеме бірқатар кәсіпкерлермен қызмет көрсету туралы келісім шарттарға отырып, нәтижесінде бизнес субъектілерімен жұмыстар толық көлемде орындалғанына қарамастан тиісті қаражатты келісім шартта көрсетілген мерзімде аудармаған.

Департамент өз тарапынан аталған мәселе бойынша зерделеу жүргізіп, квазимемлекеттік мекеменің 95 кәсіпкер алдында 109,5 млн теңге көлемінде берешек қалыптасқанын анықтады.

Аталған мәселе бойынша Департамент облыс әкіміне кәсіпкерлермен нақты көрсетілген қызметтер үшін ақшалай қаражат төлеуіне тиісті шаралар қабылдау қажеттігі туралы ұсыным жолдады.

Атқарылған жұмыстар нәтижесінде 46 кәсіпкерге 42,2 млн теңге сомасында ақшалай қаражат төленіп, қалған бизнес субъектілеріне (49 кәсіпкер алдындағы 67,3 млн теңге) тиісті қаражат бекітілген кестеге сәйкес жыл соңына дейін төленетіні туралы шешім қабылданды.

Денсаулық сақтау министрлігі медициналық көмекке қатысты түсіндірме берді

Денсаулық сақтау министрлігі денсаулық сақтау саласындағы конституциялық нормаларды біркелкі...

Апостиль без очередей: как цифровизация меняет систему государственных услуг в Казахстане

В условиях стремительного развития цифровых технологий Республика Казахстан последовательно...

Кезексіз апостиль: цифрландыру Қазақстандағы мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін қалай өзгертуде

Қазіргі таңда цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында Қазақстан Республикасы...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІ– ӘЛЕМДІК ЭЛИТАДА: ПЕДАГОГТАР ДАЯРЛАУ БОЙЫНША ӘЛЕМНІҢ ТОП-50 ҚАТАРЫНА ЕНДІ

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті педагогикалық білім беру...