Қызылордада 56 жастағы жазасын өтеуші некесін қиды

Оның бұған дейін келіншегімен ұзақмерзімді кездесуге рұқсаты болмаған.

Ал некесін растайтын құжаттың жоқтығын балалары мекеме заңгері арқылы біліпті.
Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мекемесіндегі сотталған азамат жарымен 34 жылдан бері бірге екенін айтады.

— Біз 1990 жылдан бері біргеміз. Үш баламыз бар. Күйбең тірліктің қамымен жүріп некені заңдастыру керек екеніне мән бермедік. Оның үстіне, ауылдық жерде бар ойымыз өрістен келетін қой, сиырымызда болды. Жаза басып, темір торға түскелі жарыммен ұзақ мерзімде кездесу мүмкіндік болмады. Себебін мекеме заңгері «Неке куәлігінің жоқтығы» деп түсіндірді. Өз міндетін адал атқарып, осы некемізді растайтын куәліктің қолымызға тиюіне жағдай жасаған жандарға алғысымды білдіремін, — дейді жазасын өтеуші.
Жазасын өтеуші азамат пен неке қиюға өтініш берген азаматша заңды неке куәлігін алғандықтан, тұрақты кездесуге мүмкіндік алған.

Бұл жазасын өтеуші азамат пен неке қиюға өтініш берген азаматша арасында неке куәлігінің жоқ екені белгілі болған. Ұзақ және қысқамерзімді кездесуге өтініш берерде сотталғанның жақындары жеке куәліктері мен туыстық қатынасын растайтын құжаттарын бірге береді. Балалары тек өздері мен анасының жеке басын растайтын құжат алып келгенде ғана неке куәлігінің жоқ екенін біліп, дереу неке қиюға өтініш жазады. Мекеме тарапынан АХАЖ бөлімінің қызметкері шақырылып, неке қию рәсімі жасалып, ұзақмерзімді кездесуге рұқсат берілді, — деді мекеме заңгері Ардақ Кеңшілікқызы. Айта кететін жайт, мекемеде кәмелет жасына толған әр жазасын өтеуші заңды түрде некесін қиюға құқылы.

Адина Ұзақбай
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

«АТА-АНАЛАР АКАДЕМИЯСЫ»: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОТБАСЫЛАРҒА БІЛІМ МЕН ҚОЛДАУ

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі «Senim Qogamy» қоғамдық...

ҚАЗАҚСТАНДА БОЛАШАҚ ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАРДЫ ОТБАСЫЛЫҚ ӨМІРГЕ ДАЙЫНДАЙДЫ

Үйлену тойына әдетте жан-жақты дайындалады, оның ішінде шығындарды есептейді,...

АКАДЕМИЯ РОДИТЕЛЕЙ»: ЗНАНИЯ И ПОДДЕРЖКА ДЛЯ СЕМЕЙ КАЗАХСТАНА

Министерством культуры и информации Республики Казахстан совместно с ОО...

В КАЗАХСТАНЕ БУДУЩИХ СУПРУГОВ БУДУТ ГОТОВИТЬ К СЕМЕЙНОЙ ЖИЗНИ

К свадьбе обычно готовятся подробно, в том числе рассчитывают...

Сот саласындағы қазақ тілі

Қазақстан Республикасының егеменді, тәуелсіз мемлекет екендігін айқындайтын негізгі конституциялық...