Қызылордада құрылысы ұзаққа созылған 4 нысан аяқталды

Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жемқорлық тәуекелдері картасына енген 4 проблемалық нысанның құрылысы аяқталды.

Бұл өңірдегі әлеуметтік маңызы бар объектілер: Қазалы және Жаңақорған аудандарындағы 300 және 250 орындық екі мектеп құрылысы, Арал ауданындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені және Қазалы ауданындағы 600 орындық «Мәдениет үйі».

Айта кету керек, бұл нысандар 2020-2021 жылдары пайдалануға берілуі тиіс болатын, алайда мердігердің жұмыстарды белгіленген мерзімде орындамауына байланысты кешіктірілді.

Аталған объектілердің әрқайсысы жергілікті тұрғындар үшін өте маңызды болып табылады.

Мысалы, Жаңақорған ауданы Майбекет кентіндегі мектептің ұзақ салынуына байланысты 300-ден астам оқушы, 5-6 км қашықтықта орналасқан көрші ауыл мектебінде оқуға мәжбүр болған.

Бұл мектеп әр түрлі себептермен төрт жыл бойы аяқталмаған, мердігерлер ауысып, сот даулары және қайта сатып алу процедуралары жүргізілген.

Қазір балалар өз кентінде білім алуда.

Бүгінгі таңда, барлық нысандар бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталып, олар пайдалануға берілді.

АЛАШТАНУШЫ МӘМБЕТ ҚОЙГЕЛДИЕВ – 80 ЖАСТА

Абай университетінде тарихшы-ғалым, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының...

АҚШ-тан бекер қайтып келген жоқ»: танымал заңгер туралы тың дерекпен бөлісті

Белгілі заңгер әрі құқық қорғаушы Айгүл Орынбек «Нұр Отанның»...

«Нұр Отанның» бұрынғы идеологы 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында Б., К. Н.-ға қатысты...

Цифровизация ювенального правосудия в Республике Казахстан: задачи и перспективы

Цифровизация ювенального правосудия в Республике Казахстан направлена на создание...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ЕЛДІГІМІЗДІҢ АЙҒАҒЫ

Тіл – ұлттың рухани тірегі, тарихи жады мен мәдени...