Қызылордада қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінен мерзім соңымен 38 сотталған босатылған

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша төмен №37 мекемесінен жыл басынан 114 сотталған босатылған. Оның ішінде 9 сотталған шартты түрде мерзімінен бұрын, ҚР ҚК-нің 73- бабымен 67 сотталған, мерзім соңымен 38 сотталған босатылған. Олардың бірі сот қаулысымен мерзім соңымен босатылса, енді бірі жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату, жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру немесе өтелмеген жаза мерзімін айыппұлға ауыстырылып босатылған.
Бүгін Р.есімді сотталған мекемеден айыппұлмен босатылды. Ол ҚР ҚК-нің 216 бабы 3-бөлігімен 2 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айырылған. Жазасын ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінде өтеуге жіберілген. Жазасын өтей жүріп, мекемеішілік мәдени-спорттық шараларға белсене қатысқан. Жуырда Қызылорда қалалық №2 сотының қаулысының негізінде оның жазасының өтелмеген бөлігін айыппұлға ауыстырылып , сот қаулысы заңды күшіне енген соң мекемеден босатылды.
Арнайы есепке алу бөлімінің инспекторы әділет капитаны Мерей Табылғанованың айтуынша сотталғандардың сандық есебін жүргізіп, олардың түрлі мақсаттағы талап-өтініштерін заң аясында сотқа жолдап отырады. Сотталғандардың жеке істерін толықтай зерделеп, олардың жаза өтеу мерзімдері мен шартты түрде мерзімінен бұрын босату, жеңіл жаза түріне ауыстыру секілді формалді уақыттарын есептеп, сотталғандарға хабарлама беріледі. Сондай –ақ сотталғандардың жеке басын куәландыратын құжаты жоқ және мерзімі өткен болса құжаттандырады. Құжаттандыру мәселесімен арнайы есепке алу бөлімінің қызметкерлерімен қалалық көші –қон полиция басқармасының қызметкерлері тығыз жұмыс жасайды. Жыл басынан 19 сотталғанның жеке куәліктері қалпына келтірілді,- деді әділет капитаны Мерей Табылғанова.

Кассациялық соттың құрылуы

Кассациялық сатыдағы сот шешімдерінің заң тәжірибесі мен сот практикасын...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әділ қоғам кепілі

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін, азаматтардың мемлекетке...

Жазбаша іс жүргізу

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 12-тарауында әкімшілік істерді оңайлатылған...

Еріктілер кеңесі мүшелері ардагерді құттықтауға қатысты

Ұлы Отан соғысының қатысушысы, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің ардагері Анатолий Назарович...

Құқық пен әділет жолына ғұмырын арнаған судья – Абжанов Ербол Тюлюгазинұлы 60 жаста

Құқық қорғау және сот жүйесінде абыройлы қызмет атқарып, кәсіби...