Қызылордада уәкілетті орган кәсіпкерге жасанды кедергілер жасаған

Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке кәсіпкер автожолдар салу барысында жұмыстарды орындау мерзімін ұзарту үшін уәкілетті органға арыздану мәселесімен жүгінді.

Департаменттің араласуымен барлық жауапты мекеме өкілдері мен кәсіпкерлердің қатысуымен арнайы кездесу ұымдастырды.

Кездесудің нәтижесіне кәсіпкердің құқықтарының бұзылғаны расталып, аталған мәселе бойынша уәкілетті орган жазбаша түрде толық жауап берді. Кәсіпкер кассациялық сатыдағы сотқа шағымдануға және өз құқықтарын қалпына келтіруге мүмкіндік алды.
Департамент аталған мәселе толықықтай шешілгенінше өз бақылауында ұстайды.

ОСК МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ САЙЛАУЫНА ҚАТЫСАТЫН САЯСИ ПАРТИЯЛАР ТУРАЛЫ ХАБАРЛАДЫ

Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен саяси партиялар заңнамаға сәйкес...

ӘРПК аясындағы медиация: заң мен келісім үндестігі

Құқықтық мемлекетте кез келген даудың шешімі әділдік пен заңдылыққа...