Қызылордада түзеу мекемесінде «Алғыс айту күні» мерекесіне орай сотталғандардың туыстарына арналған ашық есік күні өтті

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде «Ашық есік» күні өтті. Бұл күні аталған мекемедегі сотталғандар жақындарымен жүздесіп, қуанышқа бөленді.

«Алғыс айту» мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған «Ашық есік» күні жазасын өтеп жатқандар да, олармен қауышуға келген туысқандары да қуаныштарын жасырмады.

«Сейсенбі күні ұйымдастырылған «Ашық есік» күніне сотталғандардың ата-аналары, туған туыстары келді. Шараға келген ата-аналар тек жақындарымен кездесіп қана қойған жоқ, олардың жатын және демалатын орындары, бос уақытын өткізетін кітапхананы, тамақтану орны асхананы аралып, мекеменің тыныс-тіршілігімен танысты. Сотталғандарға «Ашық есік күнін» өткізу туралы хабарлағанымда, олардың жүздерінен шынайы қуанғандарын байқадым. Мен үшін бұл біздің қызметіміздің тиімділігінің ең жақсы көрсеткіші, өйткені туыстарымен байланыста болу – сотталғандарды түзетуге, тез бостандыққа шығып, туыстарына оралуға ынталандыратын тәрбие жұмысының әдістерінің бірі – дейді тәрбие бөлімінің бастығы әділет майоры А.Уайдаев.

Баламмен қауышып, жағдайын білдім. Таксофон және бейне қоңыраулар арқылы араласып жатсақ та, көзбе-көз кездесуге еш нәрсе жетпейді. Жатын орнын, ас ішетін жерін, бос уақытын қайда өткізетінін барлығын өз көзіммен көріп көз қуаныш болдым. Осы орайда бүгінгі «алғыс айту» күніне орай ұйымдастырып отырған Департамент пен мекеме басшылығына, сондай-ақ осы іс-шараны ұйымдастыруға қатысқан барлық қызметкерлерге алғысым шексіз»,- деді сотталғанның анасы .

АЛАШТАНУШЫ МӘМБЕТ ҚОЙГЕЛДИЕВ – 80 ЖАСТА

Абай университетінде тарихшы-ғалым, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының...

АҚШ-тан бекер қайтып келген жоқ»: танымал заңгер туралы тың дерекпен бөлісті

Белгілі заңгер әрі құқық қорғаушы Айгүл Орынбек «Нұр Отанның»...

«Нұр Отанның» бұрынғы идеологы 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында Б., К. Н.-ға қатысты...

Цифровизация ювенального правосудия в Республике Казахстан: задачи и перспективы

Цифровизация ювенального правосудия в Республике Казахстан направлена на создание...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ЕЛДІГІМІЗДІҢ АЙҒАҒЫ

Тіл – ұлттың рухани тірегі, тарихи жады мен мәдени...