Қызылордада түзеу мекемесіндегі сотталғандардың 95 пайызы жұмыспен қамтылған

Түзеу мекемесіндегі сотталғандарды қоғамға бейімдеуді түпкі бір әдісі – еңбекпен тәрбиелеу. Сотталғандарды жұмыспен қамту мәселесі Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті мекемелерінде жүйелі жүргізіліп келеді. ҚАЖ департаментінің №37 мекемесіндегі жазасын өтеушілердің 95 пайызы жұмыспен қамтылған.

Мекеме бастығы әділет подполковнигі А.Махашевтің айтуынша , жаза басып, жаңылғандарды қоғамға бейімдеп, еңбекке баулу мекемеде бірінші кезекте жолға қойылған. Қазіргі таңда 30 кәсіпкерлік нысанда келісім-шарт негізінде 130 сотталған жұмыспен қамтылған. Олардың айлық табысының 50 пайызы мемелекетке, жеке тұлғаға келтірген шығындарын төлейді. Ал қалған бөлігін өздеріне, отбасыларына жаратады. Жуырда тағы 14 азаматты ағаш өнімдерінен жиһаз құрастыратын цехқа жұмысқа орналастырдық. Алдағы уақытта жазасын өтеушілерді көбірек еңбекке тартып, 100 пайыз жұмыспен қамту жоспарда бар. Еңбек ету арқылы сотталғандар теріс ойларынан арылып, қоғамға көзқарасы өзгеріп, өмір сүруге деген құлшынысы артады. Сондықтан жазасын өтеушілерді барынша еңбекпен қамту үшін жұмыстар атқарып жатырмыз,- деді мекеме бастығы.

Жұмысқа жуырда орналасқан азаматтардың жұмыс орнына ат басын бұрып, сөзге тарттық. Олар абайсызда қылмыс жасап, жазасын қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде өтеуде. Жиһаз жасайтын цехта 14 сотталған қызу жұмыс үстінде. Олардың шығаратын өнімдерімен де таныстық.

Ерлан, Болат есімді сотталғандар тапсырыс бойынша ағаштан сандық жасап жатыр екен.Бұл сандықтар таза ағаштан жасалады , ағашты жонып тазартып, біртегіс етіп жасаймыз. Одан соң ою-өрнектерін салып, арнайы кескіш құралдарымен өрнектеп шығамыз. Ерланның айтуынша, нарықта қазақы ою-өрнектермен нақышталған есік, сандық басқа да заттарға сұраныс жоғары. «Ағаштан ерекше бұйым дайындау төзімділікті талап етеді. Ағаштан өнімді жасауға бірнеше күн уақыт кетеді. Тапсырысты мерзімінде жасап беруге тырысамыз дейді . Айлығымыз да уақытылы, өзімнің керек-жарағымды мекеме ішіндегі дүкеннен алып, артылған ақмады отбасыма да жіберіп жатырмын. Бостандықта ағаш ұстасы болып жұмыс жасағанмын, сондықтан маған ағаштан әр түрлі дүниелер жасау аса қиын емес. Мекемеде жазамды өтей жүріп, есік жасаудан бөлек, ағаш өнімдерінен тапсырысқа қарай заттарды жасаймыз. «Жігітке жеті өнер де аз» дегендей үйренгенім өзіме жақсы дейді сотталған азамат.

Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынга ҚАЖД

Кассация соты: Ресми статистика мен жаңа реформаның алғашқы нәтижелері

Қазақстан Республикасының сот жүйесіндегі ауқымды реформалар мен дербес кассациялық...

В учреждении максимальной безопасности области Абай состоялся турнир по мини-футболу среди осужденных

В учреждении максимальной безопасности уголовно-исполнительной системы по области Абай...

«Заң және тәртіп»: Әскери соттардың құқық бұзушылықтың алдын алу тәжірибесі

Қазақстан Республикасында «Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025...

Қазақмыс кеніштердің өндірістік және тұрмыстық инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыруда

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Руслан Өскенәлі Жезқазған өңірінің...