Қызылордада теолог маман сотталғандарға сабырлық тақырыбында дәріс оқыды

Қызылорда облысының дін істер басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Бақтияр Оспанов және психолог Қарлығаш Қойшыбаева №37 мекемесіндегі сотталған азаматтарға «Өзін- өзі басқару, сабырлы болу» тақырыбында дәріс оқыды.
Дәріс барысында теолог маман сотталғандарға адам пенде болған соң өмірінде әрқандай келеңсіздіктерге бой алдырып жататынын, мүмкіндігінше әр қиындықты байыппен, сабырмен жеңе білу керектігін айтты. «Сабырлы жетер мұратқа, Сабырсыз қалар ұятқа»-демекші ашуға да, қуанышқа да сабырлылық көрсету бұл адамдықтың үлкен белгісі Байыптылық таныта білсе, одан асқан рухани бай адам жоқ. Сондықтан қандай жағдай болса да сабырмен күту керек. Сол қиындықтарға мойымай сабырлық таныту — біздің ісіміз. Адам сабырлы болмайынша өзінің қатесін түсіне алмайды деді теолог маман.

«Бүгінгі теологпен кездесу барысында дәрісті тыңдай отыра асығыс қабылданған шешім өзім күткендей нәтиже бермейтінін білдім. Пенде болған соң сабырсыздық танытып, ойлағанымыздың тезірек орындалғанын қалаймыз. Өзіміз жасаған қателігімзді мойындағымыз келмейді, қатені басқа адамнан іздеп тұрамыз. Қандай жағдай болмасын адамға сабырлық қажет екендігін дәрістен ұғындым. Біз сияқты жаза басып, жаңылған азаматтарға дәрістің берері мол. Шараны ұйымдастарғын мекеме қызметкерлеріне алғысымыз шексіз»,-деді сотталған азамат.

Іс-шараның соңында жазасын өтеушілер аталған тақырып бойынша өздерін қызықтырып жүрген сұрақтар қойып, қойған сауалдарына толыққанды жауап алды.

Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Түркістанда «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы Ясауитану ғылыми орталығының...

Право быть разными и оставаться равными – казахстанская модель общественного согласия представлена в Варшаве

Равенство прав, уважение к культурному многообразию и доступность социальной...

Сот орындаушыларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасаудың жаңа сотқа дейінгі тәртібі

Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 24 маусымдағы № 325-VIII «Атқарушылық...

Мемлекеттік аукциондарда сатып алынған көлік құралдарын тіркеу және сотқа дейінгі шағымдану тәртібін сақтау туралы

Тәжірибеде мемлекеттік аукциондарда тәркіленген көлік құралдарын сатып алған азаматтардың...