Қызылордада сотталғандар арасында «Жырлайды жүрек» атты әдеби-сазды кеш өтті

Бүгін Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінде жазасын өтеушілерге қазақтың ақиық  ақыны Мұқағали Мақатаевтың 93 жылдығына арналған «Жырлайды жүрек» атты  әдеби кеш өтті. Әдеби кешті мекеменің тәрбие бөлімі мен  Шиелі аудандық жалпы орта білім беретін кешкі мектептің мұғалімдері ұйымдастырды. Әдеби кешті кешкі мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Ә.Байтілеуова  ашып, ақын өміріне, шығармашылығына тоқталып өтті.

Кеште сотталған азаматтар Мұқағали әлеміне тереңірек бойлап,оның сыршыл поэзиясын, жебелі жырларынан өлеңдер оқыды. Ақынның өмірі мен шығармашылығынан бейнесюжеттер көрсетіліп, Мұқағали ақынның өз дауысымен оқыған бірқатар өлеңдері ұсынылды .Сотталған азаматтар да ақынның «Апырмай, туған  жер-ай», «Ғашықпын!», «Дос болам десең», «Әке» өлеңдерін жатқа айтты. Әдеби кеш соңын ақыннның сөзіне жазылған «Саржайлау» әнімен аяқтады. 

— Мұқағали есімі қазақ поэзиясының символына айналған ұлы ақын. Поэзияның  адам жанын жақсылыққа, ізгілікке, сұлулыққа тәрбиелейтін қасиеті бар.  Біздің әрқайсымыз, мектеп қабырғасынан ақын өлеңдерімен сусындап өстік Ақын  жырлары – әр адамға күш-қайрат, рух беретін өзгеше бір әлем. Бүгінгі кештің өтуі  шынымен мені қуантты. Кеште ақынның «Әке» өлеңін оқып, кештен керемет әсер алдым»,- деді сотталған азамат

Талас аудандық пробация қызметі мереке алдында алдын алу шараларын өткізді

Талас аудандық пробация қызметі мереке алдында профилактикалық жұмыстар жүргізді....

Олжас Бектенов, Мәулен Әшімбаев және Ерлан Қошанов соғыс жылдарында құрбан болғандарды еске алды

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов, Парламент...

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД Сарысу аудандық пробация қызметінде психологиялық кездесу өтті

Кеше Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД Сарысу аудандық пробация қызметінде...

Т.Рысқұлов аудандық пробация қызметі профилактикалық іс-шаралар жүргізді

2026 жылғы 6-10 мамыр аралығындағы мереке күндері Жамбыл облысы...