Қызылордада пробация есебіндегі сотталған алты рет әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін түзеу мекемесіне жіберілді

Байқоңыр қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған Ақмола облысы Целиноград аудандық сотының 20.02.2023 жылғы үкімімен Қазақстан Республикасы ҚК-нің 106-бабының 1-бөлігі (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша 3 (үш) жыл 6 (алты) ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына сотталған М. есімді азамат жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзғаны үшін 10.05.2023 жылы Қызылорда облысы Байқоңыр қалалық сотына бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айырумен ауыстыру туралы ұсыным жолданды.
Яғни, М. есімді сотталған есепке алынғаннан кейін бар-жоғы екі ай уақыттың ішінде оған бірнеше рет жазбаша ескерту жарияланғанына қарамастан қоғамдық тәртіпке және имандылыққа қол сұғатын 6 әкімшілік құқық бұзушылықтар жасауға жол берген.
Қазақстан Республикасы ҚАК-нің талаптары бойынша бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға сотталған адамның қоғамдық тәртіпке және имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар жасауға жол бергені үшін әкімшілік жауапкешілікке тартылуы – бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуді қаскөйлікпен бұзушылықтар болып табылады.
Аталған ұсынымды 02.06.2023 жылы негізінен қарау барысында прокурормен сотталғанның жазасын ауыстыру туралы қорытынды берілді.
Осыған орай, М. есімді сотталған бас бостандығын шектеу жазасының 3 (үш) 3 (үш) ай 14 (он төрт) күн өтелмеген мерзімі нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылып, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеу белгіленген.
Қаулы заңды күшіне 20.06.2023 жылы енген.
Сотпен жүктелген міндеттерді орындау және жаза өтеу шарттарын сақтау әр сотталғанның міндеті болып табылады.
Егер, бұл талаптар орындалмаған жағдайда, заң талаптарына сәйкес қатаң шаралар қолданылатындығы ескерілген жөн.

Психикалық ауруға шалдыққан ерлер бөлімінде жұмыс істейтін медицина қызметкерлері жайлы репортаж

Танымал жазушы Әбіш Кекілбаевтың есімі  берілген бұрынғы «Каблуков» көшесімен...

Қауіпсіздік күзетіндегі бір күн

Созақ ауданы полиция бөлімінің патрульдік полиция инспекторы Байжігіт Жұмаш...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ТАЛАПКЕРЛЕРДІ ҚАБЫЛДАУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

Абай университетінде 2026-2027 оқу жылына арналған қабылдау науқаны басталды....

«Алтын алқа» иегері: нәзік жанды тергеушінің қызмет жолы

Қылмыстың мән-жайын анықтау, дәлелдерді жинау, азаматтардан жауап алу, заң...