Қызылордада пробация есебіндегі сотталғандарды жұмысқа орналастыру қарқынды жүргізілуде

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің аудандық, қалалық пробация қызметі пробация есебіндегі сотталғандарды жұмысқа орналастыру жұмыстарын жүйелі жүргізіп жатыр. Жуырда Арал, Қазалы, Қармақшы, Сырдария аудандарында аудандық прокуратура мен Мансап орталығының ұйымдастыруымен бос орындар жәрмеңкесі өткізілді.

Нәтижесінде, осы жәрмеңкеден 31 сотталған екі қолға бір күрек тауып жұмысқа орналасты.
Қазалы аудандық пробация қызметінің бастығы, әділет подполковнигі Ербол Сражатовтың айтуынша жәрмеңкеге 8 сотталған жұмыс іздеуші ретінде қатысып, 4 сотталған жұмысқа орналасқан. Олардың 3-еуі ақылы қоғамдық жұмысқа, ал біреуі «аспазшы» қайта даярлау оқуына жолдама алды. Есепте тұрған сотталғандарды жұмысқа орналастыру, олардың құқық бұзушылықтармен қайта қылмыстың алдын алу шараларының бірі болып табылады.Алдағы уақытта да жұмыссыз сотталғандарды жұмысқа орналастыру жұмыстары жалғасын табатын болады,- деді Ербол Сражатов.

Ал Арал аудандық пробация қызметінің есебінде 64 сотталған есепте тұрады.Осы азаматтар арасынан 4 жұмыссыз азамат бос орындар жәрмеңкесінің нәтижесінде жұмысқа орналасқан.

– Бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде мамандардан кеңес алып, «ақылы қоғамдық жұмысқа жұмысшы ретінде жолдама алдым. Қыс мезгілінде жұмыс табу да қиын. Адал еңбек етіп, отбасымды асырауыма мүмкіндік алғаныма қуаныштымын. Ұйымдастырушыларға алғыс білдіремін, — деді есептегі сотталған.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

«АТА-АНАЛАР АКАДЕМИЯСЫ»: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОТБАСЫЛАРҒА БІЛІМ МЕН ҚОЛДАУ

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі «Senim Qogamy» қоғамдық...

ҚАЗАҚСТАНДА БОЛАШАҚ ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАРДЫ ОТБАСЫЛЫҚ ӨМІРГЕ ДАЙЫНДАЙДЫ

Үйлену тойына әдетте жан-жақты дайындалады, оның ішінде шығындарды есептейді,...

АКАДЕМИЯ РОДИТЕЛЕЙ»: ЗНАНИЯ И ПОДДЕРЖКА ДЛЯ СЕМЕЙ КАЗАХСТАНА

Министерством культуры и информации Республики Казахстан совместно с ОО...

В КАЗАХСТАНЕ БУДУЩИХ СУПРУГОВ БУДУТ ГОТОВИТЬ К СЕМЕЙНОЙ ЖИЗНИ

К свадьбе обычно готовятся подробно, в том числе рассчитывают...

Сот саласындағы қазақ тілі

Қазақстан Республикасының егеменді, тәуелсіз мемлекет екендігін айқындайтын негізгі конституциялық...