Қызылордада пробация есебіндегі азамат жер тыңайтқыштарын көбейту негізінде қайтарымсыз грант ұтып алды

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің пробация есебіндегі азаматтардың басым көпшілігі жеке кәсіпке бет бұрған. Бұл пробация инспекторлары мен жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің бірлесіп атқарған жұмыстарының нәтижесі.

Жуырда Қазалы аудандық пробация есебіндегі көпбалалы әке «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негізінде Атамекен кәсіпкерлік палатасында оқытылып, жер тыңайтқыштарын көбейту бойынша бизнес жобасын дайындап, 1млн 380мың теңге көлемінде мемлекет тарапынан қайтарымсыз грант ұтып алды.

«Мемлекет тарапынан біз секілді азаматтарға қолдау көрсетіп, қайтарымсыз грант бөлініп жатқандығы бизнес жобамыздың жандануына септігін тизгізгеніне өте қуаныштымын. Алдағы уақыттағы басты мақсатым- қаламызға пайдам тиіп, жер тыңайтатын құттарды көбейтіп, кәсібімді жандандырсам»-, дейді сотталған азамат.

— Мемлекет тарапынан берілген қайтарымсыз гранттарға пробация есебіндегі азаматтар да белсенділік танытып, бизнес жобаларын дайындап комиссия мүшелеріне ұсынуда. Солардың ішінде екі сотталғанның бизнес жобасы мақұлданып, мемлекеттен қайтарымсыз грант берілді. Олардың бірі жартылай фабрикатты өнім шығаратын аппаратын алуды жоспарласа, екінші жер тыңайтатын құрттарды көбейтуді қолға алып отыр. Жаза басып жаңылған азаматтардың жеке кәсіпке бет бұруы бізді де қуантады»,-деді аудандық пробация қызметінің бастығы Ербол Сражатов.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

ҚазҰУ-дағы студенттік өмір және жастар бастамалары

     Ғылыми конференцияда алғашқы зерттеуін таныстыру, қайырымдылық шарасын ұйымдастыру немесе...

    ҚазҰУ түлектері – ел дамуына елеулі үлес қосуда

      Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарихы оның түлектерінің еңбек...

Әділетті қоғам және заң үстемдігі

     Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультетінде студенттер Біріккен...

В учреждении УИС области Абай отметили праздник Хэллоуин

В женском учреждении УИС области Абай было организовано тематическое...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде Хэллоуин мерекесі аталып өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер мекемесінде сотталған әйелдердің қатысуымен...