Қызметтік сала мен отбасын қатар алып жүрген ана

Бүгінде ерлермен бірге қызмет етіп, қатаң тәртіпке бағынып, ішкі істер саласында жауапкершілігі жоғары міндетін мінсіз атқарып, отбасындағы қызметін де қатар алып жүрген қыз-келіншектер құрметке  лайық. Сондай жандардың біразы  Қызылордадағы  №68 мемлекеттік мекемесінде жұмыс жасайды. Атап айтқанда, психолог маман аға инспектор Мырзалы Айзат Мұхамедиярқызы. 16 жыл жұмыс өтілі бар Қылмыстық атқару жүйесі депортаментінде адал қызмет атқарып келеді. Қызмет пен отбасыны қатар алып жүрген маман екі жұмысты қалай атқарып жүргенін айтты.

-Қызылора облысы Қылмыстық атқару жүйесі депортаменті №68 мемлекеттік мекемісінде психолог маманы болып жүргеніме 16 жыл болды. Мекемеде басты міндетіміз  түрлі қылмыс жасағандардың, әсіресе,  экстремизм- тероризм баптары бойынша сотталған азаматтардың  сана-сезіміне саңлау түсіру, тәрбиелеу, өмірге деген көзқарасын өзгерту өте ауыр жұмыс. Олар сот шешімін естіген соң, өте агрессивті, ашуланшақ болады. Сондықтан бұл жерде психологиялық қолдау маңызды. Біз олардың эмоциялары мен сезімдерін дұрыс түсініп одан әрі бейімделу процесіне дайындауымыз керек.  Көптеген тренингтер және сотталушылар мен жеке сөлесу арқылы психологиялық тұрғыда қолдау білдіреміз. Жеке өмірге келетін болсақ, жұбайымда Құқық қорғау саласының қызметкері. Екеумізде бір-біріміздің жұмысымызды білеміз және түсіністікпен қараймыз. Қызметтен бөлек отбасылық өмірімізге де уақытылы көңіл бөліп, балаларымыздың көңіліне қуаныш сыйлауға тырысамыз және отбасымыздың тыныштығына жұмыс жасаймыз. Ата-аналарымыз қызметімізге түсіністікпен қарап, әркез бізге қолдау білдіреді.  Отбасымыздың қолдауларының арқасында қайда жүрсекте шабыттанып қызметімізді  адал атқарып жүреміз, -дейді  АКАӘПТЖБ-нің аға  психологы,әділет капитаны Айзат Мырзалы.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ 2026 ЖЫЛҒЫ РАҚЫМШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢ: ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ МЕН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының қылмыстық саясаты адам құқықтарын қорғау,...

Әке болуды даулау: Қазақстан Республикасындағы құқықтық реттеу

Әке болуды даулау – отбасы құқығындағы маңызды әрі күрделі...

ГАЗИФИКАЦИЯ – В ДЕЙСТВИИ

В КАЗАХСТАНЕ ПРОДОЛЖАЕТСЯ РЕАЛИЗАЦИЯ МАСШТАБНОЙ ПРОГРАММЫ ПО РАЗВИТИЮ ГАЗОВОЙ...

СПЕЦИАЛИСТЫ ДЛЯ БОЛЬШОЙ ЭНЕРГЕТИКИ

ЗА ОДНИМ СТОЛОМ СОБРАЛИСЬ ПРЕДСТАВИТЕЛИ АГЕНТСТВА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ПО АТОМНОЙ ЭНЕРГИИ, ГОСУДАРСТВЕННОЙ КОРПОРАЦИИ «РОСАТОМ», ПРОФИЛЬНЫХ ОРГАНИЗАЦИЙ, УНИВЕРСИТЕТОВ И ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙ ДВУХ СТРАН. ГЛАВНОЙ ТЕМОЙ СТАЛА НЕ САМА АТОМНАЯ ЭНЕРГЕТИКА, А ЛЮДИ, КОТОРЫМ...

ПРЕСТУПЛЕНИЕ: ОТ СООБЩЕНИЙ К ПОХОРОНАМ

ДОЛГОЕ ВРЕМЯ В КАЗАХСТАНСКОМ ЗАКОНОДАТЕЛЬСТВЕ ОТСУТСТВОВАЛО САМО ПОНЯТИЕ СТАЛКИНГА КАК САМОСТОЯТЕЛЬНОГО ПРОТИВОПРАВНОГО ДЕЯНИЯ. НЕСМОТРЯ НА ТО, ЧТО ЖЕРТВЫ НЕРЕДКО СООБЩАЛИ О НАВЯЗЧИВЫХ ЗВОНКАХ, ПОСТОЯННОЙ СЛЕЖКЕ, УГРОЗАХ И ПРЕСЛЕДОВАНИИ, ПРАВООХРАНИТЕЛЬНЫЕ ОРГАНЫ БЫЛИ...