Қуат Хамитов және эстрада әншілері Алматы облысындағы колонияға барды

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД №12 мекемесіне мерекелік концертпен танымал әншілер мен спортшылар келді.

Аралас жекпе-жектің спорт шебері және MMA файтері Қуат «Найман» Хамитов сотталғандар арасында спорт пен салауатты өмір салтын насихаттап сұхбат өткізді, ал танымал эстрада жұлдыздары Серікбол Сайлаубекұлы, Қазыбек Әдікей, Болатбек Досыбаев, Асқар Жанұзақов және Еркебұлан Махмұт өз концерттік бағдарламаларымен қауіпсіздігі барынша жоғары колониясында концерттік бағдарлама өткізді.

Іс-шара қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі жағдайды сауықтырудың 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасын жүзеге асыру шеңберінде ұйымдастырылды.

Қазақтың туын желбіретіп жүрген спортшы мен эстрада жұлдыздарына екінші дәрежелі мүгедек сотталған Оралбек Омыров өзінің шығарған өлең шумақтарын арнап, мекеме атынан алғыс білдіріп, батасын берді.

» Бүгін міне, ҚР Премьер-Министрінің ҚАЖ мекемелеріне арналған Жол картасы аясында Заречныйдағы мекемелердің біріне келдік. Тағдыр тәлкегіне түсіп жазаларын өтеп жатқан бауырларымызбен сұхбаттасып, қолдау көрсеттік. Бұл жерде талантты, мықты батыр ер азаматтар аз емес, оларға отбасыларына оралуларын тілейміз,»,-деп атап өтті Қуат Хамитов.

«АТА-АНАЛАР АКАДЕМИЯСЫ»: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОТБАСЫЛАРҒА БІЛІМ МЕН ҚОЛДАУ

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі «Senim Qogamy» қоғамдық...

ҚАЗАҚСТАНДА БОЛАШАҚ ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАРДЫ ОТБАСЫЛЫҚ ӨМІРГЕ ДАЙЫНДАЙДЫ

Үйлену тойына әдетте жан-жақты дайындалады, оның ішінде шығындарды есептейді,...

АКАДЕМИЯ РОДИТЕЛЕЙ»: ЗНАНИЯ И ПОДДЕРЖКА ДЛЯ СЕМЕЙ КАЗАХСТАНА

Министерством культуры и информации Республики Казахстан совместно с ОО...

В КАЗАХСТАНЕ БУДУЩИХ СУПРУГОВ БУДУТ ГОТОВИТЬ К СЕМЕЙНОЙ ЖИЗНИ

К свадьбе обычно готовятся подробно, в том числе рассчитывают...

Сот саласындағы қазақ тілі

Қазақстан Республикасының егеменді, тәуелсіз мемлекет екендігін айқындайтын негізгі конституциялық...