Қуанышбек Есекеев: «Басты мақсатымыз – еліміздің барлық өңірін жылдам интернетпен қамтамасыз ету»

Jibek Joly телеарнасындағы «Жаңа Түнгі Студия» бағдарламасына қонаққа келген киберспорт федерациясының басшысы, дзюдо федерациясының басшысы, «Казахтелеком» басшысы Қуанышбек Есекеев 2024 жылдың соңына дейін үш қалада 5G жоғары жылдамдықтағы интернеттің болатыны жайлы хабарлады.

«Алматы мен Астана қалаларының көп бөлігінде 5G жоғары жылдамдықтағы интернет жыл соңына дейін іске қосылады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сай екі жыл ішінде еліміздің ірі қалаларында жоғары жылдамдықтағы интернет болуын қамтамасыз ету үшін аянбай еңбек етіп келеміз. Ал интернеттің өзге аймақтарда да қолжетімді болуы бойынша және халыққа сапалы қызмет көрсету бағытында бірқатар жетістіктеріміз бар. Өкінішке орай, таулы аймақ болғандықтан Шығыс Қазақстанда интернет жылдамдығы нашарлау, ал халық көп шоғырланған мекен Түркістан облысында мобильді интернетті белсенді түрде қолданады. Болашақта еліміздің әрбір өңірдің жылдам интернетпен қамтамасыз етуге ниеттіміз», — деді Қуанышбек Бақытбекұлы.

Қуанышбек мырза интернет қолданушыларының көбейгені туралы тілге тиек етті. Оған себеп пандемия кезіндегі қызметкерлердің қашықтықтан қызмет етуі мен оқушылар мен студенттердің онлайн түрде білі алуы болды. Дәл сол сәтте 200 мыңға жуық абонент интернет қызметіне қосылған. Сондай-ақ, қазіргі таңда интернет арқылы ойын-сауық бағдарламаларына қосылып, фильмдер мен сериалдарды көретін қолданушылар көбейген. Қазақстандық қолданушылар «Қазақтелеком» ұсынған «TV+» қызметін жиі пайдаланып, онлайн-кинотеатр арқылы отандық кинотуындыларды тамашалап келеді.

Бағдарлама барысында Қуанышбек Есекеев киберспорт федерациясының басшысы болғандықтан бұл саладағы жақсы жаңалықтармен бөлісті:

«Киберспорт федерациясы бес жыл бұрын құрылғанымен аз уақыт ішінде биік белестерді бағындырып, әлемдік деңгейге шықты. Қазақстан құрамасында еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған мықты спортшылар бар. Әлем чемпионатында дәл қазір екі команда ел намысын қорғап жатыр»

Қуанышбек мырза өзі де бос уақытында компьютерлік ойындарды ойнап қоятынын жасырмады. Бала кезден спортпен шұғылданған ол бүгінде ҚР дзюдо федерациясының басшысы қызметін де атқарып келеді.

«Бір қуантатын жайт жас өрендердің арасында мықты спортшылар бар. Дзюдо спорты бойынша келесі жылы Париж қаласында өтетін Олимпиадаға дайындалып жатыр. Сондай-ақ, біздің қызметкерлеріміздің арасында спортқа қызығушылық танытып, жұмыстан тыс уақытта спортпен шұғылданып келеді,» — деп Қуанышбек Есекеев пікірін білдірді.

Әзіл-шыны аралас, көңілді форматта өткен бағдарламада Қуанышбек мырза жүргізушілердің сұрақтарына жауап беріп, өмір жолында болған қызықты оқиғаларымен бөлісті.

Мемлекеттік тілді насихаттау және оның қолдану аясын кеңейту

        Мемлекеттік тіл — кез келген елдің рухани байлығы, ұлттық...

СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ҚАЗІРГІ ЖАЙ-КҮЙІ

Мемлекеттік тіл – елдің қоғамдық және мемлекеттік өміріндегі маңызды...

Ювеналды соттардың соттылық мәселелері

Қазақстан Республикасының сот жүйесінде соттылық ұғымы – әрбір азаматтың...

Вместе к здоровому образу жизни: осуждённые провели товарищеский матч

В Семее на городском футбольном поле состоялась товарищеская игра...

Мемлекеттік тіл және әділ сот қағидаты

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің негізгі нышандарының бірі, қоғамның құқықтық...