Қуандық Бишімбаевқа тағы бір бап бойынша айып тағылып отыр

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев тағы бір бап бойынша айыпталып жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Бұған дейін бұрынғы министрге қатысты іс «Аса қатігездікпен кісі өлтіру» бабы бойынша тергелген еді.

Енді Бишімбаевқа ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабы 2- тармағы, яғни «Азаптау» бойынша қосымша айып тағылып отыр. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ал Нүкенова көз жұмған Гастро-орталықтың директорына қатысты тергеу аяқталды. Ол «Қылмысты жасырып қалу» бабы бойынша істі болып отыр.

Қазір тараптар материалдың мазмұнымен танысуды бастап кетті.

Еске салайық, 9 қарашада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ұсталғаны белгілі болды. Астанадағы мейрамханалардың бірінде келушілер арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйел алған жарақатынан көз жұмған. Болжам бойынша, әңгіме экс-министрдің әйелі туралы. Бишімбаевтың ұсталғаны туралы хабарламамен қатар Астана полициясы ер адамның ұсталғаны туралы пікір білдірді. Бірақ оның аты-жөнін нақтыламады.

Сондай-ақ, сағат 19:54-те астаналық жедел медициналық қызмет көрсету станциясы пультіне қоңырау түскен. Жедел жәрдем бригадасы жеткенде 1992 жылы туған әйелдің қаза болғаны расталды. Кейін марқұмның 31 жастағы Салтанат Нүкенова екені белгілі болды. Ол — Қуандық Бишімбаевтың әйелі.

Бүгін Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді

23 наурыз – Тазару күні аясында Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді.

Бүгін барлық өңірде дауылды ескерту жарияланды 

"Қазгидромет" 23 наурызға арналған дауылды ескерту жариялады. Синоптиктер Астана, Шымкент қалаларында, 16 облыста, сондай-ақ Алматы тауларында қауіпті ауа райы құбылыстары күтілетінін ескертті.

Иран әуе кеңістігін жабу мерзімін ұзартты 

Иран билігі елдің әуе кеңістігіндегі ұшуларға қойылған тыйымды 29 наурызға дейін ұзартты.

Дәстүрдің экологиялық бейнесі: Алматыда қайта өңделген материалдардан жасалған ер-тоқым көрсетілді

Алматыдағы «Атакент» көрме орталығы алдындағы алаңда Бостандық ауданы әкімдігінің қолдауымен Funk креативті агенттігі ұйымдастырған «Наурыз Береке Мереке» атты ауқымды фестиваль өтті.

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады 

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады