Ішкі істер министрінің бұйрығымен Астана қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасарының міндетін атқарушы болып әділет подполковнигі Нұрғали Еркінбекұлы Ажиханов тағайындалды.
Нұрғали Еркінбекұлы 2007 жылдан бастап құқық қорғау органдарында өз қызметін жасақ бастығынан бастады, бұдан әрі ЕЦ-166/10 мекемесінің, қазіргі Астана ҚАЖД №3 мекемесінің шаруашылық қамтамасыз ету желісі бойынша лауазымдарды атқарды.
ҚР ІІМ Қостанай академиясын бітірген. Басшылық лауазымдарда жұмыс тәжірибесі бар. Осы тағайындауға дейін Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің №3 мекемесінің бастығы қызметін атқарды.


