«ҚР Мемлекеттік қызметші» күні қарсаңында мемлекеттік басқарудың әр саласында еңбек етіп жатқан жас мамандардың мемлекеттік қызмет ардагерлерімен кездесуі өтті

Бүгінгі таңда Алматы қаласында 4-мыңнан аса мемлекеттік қызметшілер еңбек етуде, оның ішінде мемлекеттік қызметке жаңадан кіргендердің саны-344.

Шараның негізгі мақсаты жас мемлекеттік қызметшілердің рухани-адамгершілік бағдарлары мен құндылықтарының тұрақты жүйесін қалыптастыру, сондай-ақ аға ұрпақтың өткен бай өмірлік тәжірибелерімен, тәуелсіздік жылдары қызметте жүріп Ел тағдырына әсер еткен шешімдердің қабылдану тарихымен бөлісу болды.

Кездесудің қадірлі қонақтары болып Болат Оспанұлы Сауранбаев, Магзам Есенкелдіұлы Касымов, Аликенұлы Борис Джапаров, Қамалұлы Бақтияр Камалов, Серік Тұрарұлы Сейдуманов, Слямжанұлы  Кенжехан Матыжанов және Рахат Сейдахметқызы Шимашева шақырылды.

Кездесу салтанатын ашқан Болат Оспанұлы өзінің өмір жолы туралы айтып, ұрпақтар сабақтастығы тәжірибесімен бөлісті.

Мағзам Есенгелдіұлы әкімшілік шешімдерді дұрыс қабылдау дағдыларын көрсетіп, мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру жөнінде біраз ұсыныстарын айтты.

Серік Тұрарұлы Сейдуманов Қазақстанның мемлекеттік қызметінің қалыптасу кезеңдеріне тоқталып, мемлекеттік қызметтің жауапкершілігі туралы айтып, жас мамандарды шешімдер қабылдағанда заңға қатаң бағынуға шақырды.

Ардагерлер сыбайлас жемқорлық теріс қылықтарды болдырмауға және өз қызметін жоспарлау бойынша дағдыларды дамытуға шақырды.

Бұл бағытта Әдеп жөніндегі кеңестің мүшесі, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің өкілі Б. А. Джапаров ерекше назар аударды.

Сондай-ақ спикерлер бүгінгі күні  мемлекеттік тілді еркін меңгеру қажеттілігін атап өтті.

Қатысушылар мемлекеттік аппараттың қалыптасуы мен дамуы туралы, мемлекеттік қызмет имиджін ілгерілетудің негізгі кезеңдерін, этикалық нормаларды сақтау тәртібін және клиентке бағдарланған қызметші болу қабілетін атап өтті.

Кездесудің қорытындысында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы
Ш. Әлімхан сөз сөйлеп, қадірлі қонақтардың өткен өмір жолдары жас ұрпаққа берер тәлім-тәрбиесі мол екенін атап өтті. Сондай-ақ, қазіргі таңда мемлекеттік қызметке жаңадан келген азаматтарға тәлімгерлік бағыт-бағдар беру үшін Алматы қаласында «Тәлімгерлер кеңесінің» құрамы жасақталып, атқаратын жұмыс жоспары бекітілгенін және алдағы уақытта кеңестің жұмысы жас мемлекеттік қызметшілермен тығыз жұмыс жасауға бағытталатын болатындығы туралы жеткізді.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Э. Темиралинова.

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін қауіпті құбылыс

Сыбайлас жемқорлық – бүгінгі қоғамдағы ең өзекті мәселелердің бірі....

Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету барысында туындайтын жүйелі мәселелер қалай шешілуде?

«Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан...

Deepfake дәуірі: Синтетикалық аккаунттар

Бұрын әлеуметтік желідегі парақша артында нақты адам отырады деп...

Столкнулись с проблемами при получении государственной услуги?

В целях защиты прав граждан и повышения качества оказания...

Мемлекеттік қызмет алу барысында қиындықтарға тап болдыңыз ба?

Азаматтардың құқықтарын қорғау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру...