Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті

4 қазан Департамент бастамасымен Қоғамдық кеңесі жанынан құрылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссия отырысы өткізілді.

Oтырысқа Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары А.Ашиков, облыстық Энергетика басқармасының басшысы және аталған басқармаға қарасты квазимемлекеттік мекемелердің басшы құрамы мен комиссия мүшелері қатысты.

Отырыста инженерлік инфрақұрылымды жүргізу саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау нәтижелері айтылды.

Атап айтқанда, Антикор аталған саладағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін, кәсіпорындардың электрмен, жылумен, газбен жабдықтауға техникалық шарттар беру рәсімінен бастап, мемлекеттік органның бақылау функцияларын жүзеге асыру кезінде орын алатын мүдделер қақтығысы мәселелерін көтерді.

Мысалы, Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктері газ, электрэнергия, жылу және сумен жабдықтау жобаларын қаржыландыру үшін Энергетика басқармасына бюджеттік өтінімді қолма-қол тапсыруы болып табылады.      

Сәйкесінше, растауыш құжаттар да Басқармаға қолма-қол жолданып, процестің шынайлығы мен ашықтығы қамтамасыз етілмейді.

Осыған орай, аталған саладағы тәуекелдерді жою мақсатында бұл процесті автоматтандыру мәселесін қарастыру ұсынылды.

Одан бөлек, Энергетика басқармасы құрылыс-монтаждау жұмыстарына тапсырыс беруші бола отырып, өз объектілерінің құрылысын бақылау функцияларын жүзеге асырады.

Бұл мүдделер қақтығысы түріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің пайда болуына әкеледі.

Жалпы, сыртқы талдау нәтижесі бойынша Департаментпен анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді жою және алдын алу мақсатында 12 ұсыным әзірленіп уәкілетті органдарға жолданды.

Олардың орындалуы Антикордың бақылауына алынды.

         Дауларды шешудің тиімді жолы

      Медиация, бітімгершілік, татулық келісімімен, яғни, басты мақсаты – екі...

Символ традиций в экоисполнении: в Алматы показали седло из переработанных материалов

На площади перед выставочным центром «Атакент» прошел масштабный фестиваль...

Методы разные, а результат один

В АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ ЗАФИКСИРОВАНЫ НОВЫЕ СЛУЧАИ ТЕЛЕФОННОГО И ИНТЕРНЕТМОШЕННИЧЕСТВА,...

Когда домбра – часть жизни 

ИМЯ ЮНОГО ДОМБРИСТА ИЗ КОКШЕТАУ АБЫЛАЙХАНА САМАТА ИЗВЕСТНО ДАЛЕКО...

Современные немецкие технологии 

В ЗЕРЕНДИНСКОМ РАЙОНЕ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ БЛИЗИТСЯ К ЗАВЕРШЕНИЮ СТРОИТЕЛЬСТВО...