Қоғамдық жұмыстарға тарту туралы

Қоғамдық жұмыстарға сотталғандардың қоғамдық орындарда жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыратын, белгілі бір біліктілікті талап етпейтін тегін қоғамдық пайдалы жұмыстарды орындау жатады.

Сотталғандар негізгі жұмыс орны бойынша немесе оқудан бос уақытында еңбек міндеттерін орындаудан босатыла отырып, күніне төрт сағаттан аспайтын қоғамдық жұмыстармен айналысады. Қоғамдық жұмыстарға тарту жүкті әйелдерге, үш жасқа дейінгі жас балалары бар әйелдерге, үш жасқа дейінгі жас балаларды жалғыз тәрбиелеп отырған ер адамдарға, елу сегіз және одан жоғары жастағы әйелдерге, алпыс үш және одан жоғары жастағы ер адамдарға, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектерге тағайындалмайды.

Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза пробация қызметіне заңды күшіне енген үкімнің көшірмесімен бірге сот өкімі келіп түскен күннен бастап он күн мерзімнен кешіктірілмей орындалуға тиіс. Қоғамдық жұмыстардың орындалуын бақылауды сотталғанның тұрғылықты жері бойынша пробация қызметі жүзеге асырады.

Қоғамдық жұмыстарға сотталған адам міндетті:

-жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын сақтауға;

— жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыратын қоғамдық орындарда жұмыстарды орындауға;

— тұрғылықты жерін ауыстырған кезде пробация қызметін хабарлауға;

— айына бір рет пробация қызметіне тіркелуге және профилактикалық әңгімеге қатысу үшін келуге.

Қоғамдық жұмыстар түрінде жазасын өтеуден жалтарған сотталған адамға қатысты пробация қызметі сотқа қылмыстық теріс қылық үшін тағайындалған жазаның орындалмаған бөлігін қамауға алумен, ал қылмыс үшін тағайындалған жазаның орындалмаған бөлігін бас бостандығынан айырумен не шектеумен ауыстыру туралы ұсыныс жібереді.

СҚО бойынша ҚАЖД

Жамбыл ауданының ПҚБ

бастығы

әділет подполковнигі

С.О. Абзалимов

Развитие предпринимательства

В учреждении №79 Департамента уголовно-исполнительной системы по Атырауской области...

Шаңырақ күні – отбасы жылуының көрінісі

Шаңырақ күні аясында отбасы құндылықтарын нығайту мақсатында мекемеде ерекше...