12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ҚИЫС ЖОЛ

…алғашында темекі мен арақтың иісі қоса бұрқырап, қолқасын қауып, жүрегі айнығанымен сәлден соң Иринаның оған мән беретін мұршасы болмай қалды. Тіпті, ол өліп қалған адамдай сұлық жатыр. Жаны тәнінен ажырап кеткендей, өзінің бейшара халін, өзінің сорлы бейнесін сыртынан көріп тұрғандай күйде. Үстінде итеңдеп жатқан нақұрыспен мүлдем ісі жоқ, көздері түнгі аспанға қадалып қалған. Жұлдыздар да бұған күлімдеп… жоқ, күлімдеп емес, күлкі етіп қарайтындай. Намыстан өртеніп, түн жамылып келіп тарпа бас салған малғұнның мазағына қорланып жатқан бойжеткен өзінің болашағына қатысты байламын осы сәт жасап та қойған еді. Бет-аузын тұмшалап алған еркек көргенсіз тірлігін бітірген соң көп ұзамай тұрып кете берді. Шалбарын жүре киіп, қылмыс орнынан тезірек тайып тұрғысы келгендей, аяғы-аяғына шалынып, бір-екі рет құлап та тұрды. Жүріс-тұрысы таныс сияқты көрінді. Алайда, оны ойлап, кім еді деп бас қатыруға бейшара қыздың зауқы да болмады. Әлгі доңыз сәлден соң қара түнекке сіңіп, көзден ғайып болды. Ирина құр сүлдерін зорға көтерді. Көйлегінің жұлым-жұлымы шығып жыртылған омырауын жауып, етегін түсірді. Оң аяғының басына оралып қалған колготкасын шешіп алды. «Үйге барудың, біреуге мұң шағудың қажеті жоқ. Көзімше мүсіркегенімен, сыртымнан сөз қылары анық кімкімнің де. Одан да осы жерде қала берейін» деп түйді ол. Өзі жаңа ғана қорланған жердегі теректің бір бұтағына колготкасының бір шетін байлап, екінші жағын мойнына орады да, тізерлеп отыра кетті… * * * Қаланың қақ ортасындағы саябақта жаяу жолдан сәл қиыстау жерде қыз баланың асылып тұрған денесін таңертең бақты сыпырып жүрген Афанасий тауып алды. Толқынды шаштары бетін жауып, тізерлеп отырған адамды көргенде көпті көрген Апанас шалдың шошып қалғаны рас еді. Баяу жақындап келіп, сыпыртқының ұзын сабымен түртіп көрген. Қозғалмады. Сосын барып теректің бұтағы мен қыздың желке тұсын жалғап тұрған жіпті көріп, мән-жайды түсінді. Дереу полицияға хабар беріп, оқиға орнына жан баласын жақындатпай қорып отырды. * * * Таңмен таласа безек қаққан телефон шырылынан подполковник Әлихан Маханбетұлы шошып оянды. Өйткені, тергеу бөліміне басшы болғанға дейін талайды көрген кәнігі маман ерте соғылған қоңырау қуанышты хабар жеткізбейтінін жақсы білетін. Жанында жатқан жұбайы оянып кетпесін деген оймен телефонды жедел көтеріп, құлағына тосты… – Тыңдап тұрмын! – Подполковник мырза, кезекші бөлімнен Қанатов хабарласып тұрған. Орталықтағы бақтан бір қыз баланың денесі табылды. Асылып қалған дейді. – Ммм, жақсы. Маған машина жіберші. – Кезекші бөлімдегі жігіттерге айтып қойдым. Сіздің үй жақта жүрген біреуі ендігі барып та қалған шығар. – Рақмет. Айтпақшы оперлар кетті ме? Бүгін кезекші кім еді? – Иә, бәріне хабар берілді. Марат Нұрышев кезекші еді, ол оқиға орнында қазір. – Криминалистер ше? – Бәрі бірге кеткен. – Жақсы. Телефон тұтқасын қойған Әлихан тездетіп жуынып алып, есік алдына шықса кезекшілікте жүрген жігіттер темекі шегіп, күтіп тұр екен. Подполковникке ізет білдіріп, сымдай тартылып тұра қалды. Әлихан басын изеп амандасты да, асығыс келіп көлікке отырды. Патрульдің жігіттері де дереу машинаға отырып, орталық баққа қарай жүйітки жөнелді. Оқиға орнына келсе тергеуші Серік Балмағамбетов, жедел уәкіл Марат Нұрышев пен криминалистер қызды шешіп алып, жатқызып, бетін жауып қойыпты. Криминалистер жұмыстарын бітіріп қалғанға ұқсайды, қобдишаларын жинап жатыр екен. Бақтың ішіндегі тірек бөлімінде отыратын полиция қызметкері алдымен Апанас шалдан сұрақ-жауап алып, енді тағы куәгерлер табылып қалар ма екен деп, маңайдағы үйлерді сүзіп шығыпты. Бірақ, бір нәрсе көрдім-білдім деген адам жоқ. Сүт пісірім уақыттан соң жедел уәкіл Әлихан Маханбетұлына жақындап келіп… – Қыз өзі асылып қалған сияқты. Бірақ, оған үлкен себеп болған. Ол осы жерде зорланған. Аты-жөні Ирина Нефедова, жасы жиырма үште. Осы қаланың тұрғыны. Жұмыстан қайтып келе жатқан беті болса керек. Анау тұрған, бақтың кіре-берісіндегі кафеде даяршы болып істеген, – деп бар білгенін баяндап берді. Оның сөзін криминалист маман Серік Қарабаев та растады. – Иә, қыз зорланған. Оқиға осы жерде болған, шамамен түнгі 3-терде. Бұл кезде қараңғы бақтың ішінде адам көп жүрмейді ғой. Қылмыскер марқұмды алысқа сүйремей-ақ, тротуардың жанына жыға салған. Бойжеткен біраз арпалысқан сияқты, тырнақтары сынып, қолы көгеріп қалыпты. Басқа ештеңе айта алмаймын. Маңайдан күдік тудыратын ештеңе таппадым. Тек күдікті ірі адам болса керек. Аяқ киімінің мөлшері 43-44-ке барады. Ізін суретке түсіріп алдым. Бірақ, қытайдың мұндай аяқ киімін қазір екінің бірі киіп жүр. Ол дәлел бола қоймас. Ар жағын сот-медициналық сараптама анықтайды. Бойжеткеннің бойынан шауқат алынып, тырнақ астындағы материалдарды тексеру керек, – деді ол. – Жақсы, Марат, қағаздарыңды толтырып болған соң бөлімшеге келерсің. Қалған жағдайды сол жерде айтарсың, – деген Әлихан оқиға орнын бір шолып шықты да, қалалық полиция басқармасына жүріп кетті. Кабинетке келіп шай қойып, сөреде тұрған үш папканы қолына алды. Бұл соңғы екі айда болған қылмыстық оқиғалардың материалдары. Қалада бір оңбаған пайда болған сияқты. Осыған дейін де қыздар зорланып, күдікті анықталмай келеді. Басшылық та қылмысты аша алмай жатсыңдар деп тергеу бөліміне қырын қарай бастаған болатын. Енді, зорланған қыздың өлімі туралы деректі естігенде бұлардың басынан сипай қоймасы белгілі… – Кіруге бола ма екен? Әлихан Маханбетұлы өз ойымен арпалысып, алдындағы қағаздарды ақтарып отырып, уақыттың қалай өтіп кеткенін аңғармай қалыпты. Шәйнегі қайнап, суып та қалған екен, қайта қосып, есік аузында тұрған жедел уәкіл Маратқа кір деп ишарат білдірді. – Жолдас подполковник, марқұмның телефонын ашып, ішіндегі жазбаларын қарап шықтым. Вотсапта Сергей дегенмен сөйлесіпті соңғы рет. Жігіті сияқты. Екеуі ренжіскен-ау деймін, бір-біріне ауыр сөздер айтысқан. Сергей тіпті, сен менікі боласың. Егер басқа біреуге кететін болсаң өлтіремін, – деп қоқан-лоқы жасапты… – Кім екен ол, анықтадыңдар ма, мекенжайын білдіңдер ме? Подполковниктің көзінде үміт оты жарқ ете қалды. Не болса да басшылықтың ашуын қайтарып, бүгінгі істі тезірек ашсақ жақсы болар еді. – Иә, мекенжайын тауып, барып алып келдік. Түнімен тойлатқан сияқты. Есі кіресілі-шығасылы. Түнде ешқайда шыққаным жоқ, үйде арақ ішіп жаттым, – дейді. Бірақ, сөзін растайтын ешкім жоқ, бір өзі тұрады екен. Көршілерінен сұрап едік, кірген-шыққанын білмейміз, бірақ, түнгі 1-лер шамасында біреумен айқайлап сөйлесіп жатқан, – дейді. – Жақсы… Марат, сен бүгін кезекші болдың, үйге барып демалғың келіп тұрған шығар, түсінемін. Бірақ, осы іспен өзің айналысшы. Қазіргі жағдайды жақсы білесің. Мына қылмыстар да ашылған жоқ әлі. Мен манадан бері осы материалдарды түгел қарап шықтым. Негізі, ортақ байланыс бар сияқты көрінеді. Сот-медициналық сараптаманың анықтамасы да осыған дейінгі үш қылмыс бір адамның ісі деген еді. Бүгінгі де солай болып жүрмесін. Өзің қолға алшы, мен бастыққа барып, жағдайды баяндап келейін. Сендер Сергейді тергей беріңдер – деп, подполковник басқарма басшысына баруға дайындала бастады.

Шағын ғана терезеден түскен сәуледен бөлме іші қаракөлеңке болып тұр. Терезедегі тор Сергейдің көңіліне үрей ұялатып, дегбірін қашыра бастады. Тергеушінің жақауратып сөйлеген жылы сөздері мұның жанына жаққанымен, қолындағы дойырмен санын сабалап, өзіне кіжіне қарап отырған жедел уәкілдің сұсты жүзінен мұның шыбын жаны шырқырап барады. Түнімен ішкен арақтың уытынан ба, әлде, сүйіктісінің өлгені туралы суыт хабардан ба, белгісіз, басы мең-зең болып, мазасы болмай отыр. – Сонымен, Серега, сен бұл қылмысқа мастықпен бардың, өзіңнің не істеп, не қойғаныңды білмей қалдың ғой, солай ма? Сен қолыңмен істегеніңді мойныңмен көтер. Айыбыңды мойындап, бәрін айтып берсең жазаң жеңілдейді – деп, тергеуші лейтенант тықақтап, қояр емес. – Кешірерсіз, Иришканы мен жанымнан артық жақсы көремін. Мен мас болмақ түгілі, есім ауып қалса да оған мұндай қиянат жасауым мүмкін емес. Оның үстіне, мен кеше кеште де, түнде де пәтерімнен шыққан емеспін. Кешке Иришкаға хабарласып, жұмыстан кейін маған үйге келуін өтінгенмін. Ол бірақ бас тартты. Соған қатты ренжіп, сөзге келіп қалдық. Қызғаншақтығым қозып, ауыр сөздер айттым. Өзге біреуі бар шығар деген күмән санамды жаулап алды. Сосын жұмыстан шығып, үйге келе жатқанда бірінші қабаттағы дүкеннен екі-үш шөлмек сыра мен бір шиша арақ сатып алдым. Соны ішіп отырып, Иринаға телефон соқтым, екеуміз тағы ренжістік. Ол маған «арағыңды қоймасаң, енді сенің үйіңе ешқашан келмеймін. Одан да дені дұрыс біреуді тауып алғаным артық» деді. – Ооой, Серега, сен бұл сөздерді осымен үшінші рет айтып отырсың. Мынауың тұп-тура қылмыскерлердің айла-тәсілі. Тергеу кезінде осылай айтамын деп жаттап алған жалған сөзін үтір-нүктесіне дейін қайталай береді. Міне, тағы сол сарынға салып отырсың. Ең болмаса сөйлемдеріңнің орнын ауыстырып айтсаңшы. – Жооқ, тергеуші мырза… – дей берген Сергейдің арқасына дойыр сарт ете түсті. Ту сыртынан тиген соққыдан оның онсыз да сынып отырған басы солқылдап кетті. – Жап аузыңды! Сен кімді мазақ қылып отырсың?! Сүйем, күйем деп өтірік сөйлеп, тергеуді адастырғың келе ме?! Сенің бұл жалған жауабыңның түкке де қажеті жоқ. Бәрін де сот-медициналық сараптама анықтап береді. Марқұмның бойынан алынған ұрық саған тән болса біттім дей бер. Онда өмірбақи түрмеде шірисің! Әлихан Маханбетұлының, «Марат, бұл іспен өзің айналыс» – деген бұйрығын орындауға ынта-шынтасымен кіріскен Марат Сергейді қыспаққа ала бастады. Кезінде кеңінен қолданылған бұл тәсілдің қазір қауіпті екенін жақсы білетін тергеуші Маратты әзер дегенде сабасына түсірді. Құдай сақтасын, айыпты бұл болмай шығып, ертең үстерінен арыз жазатын болса бастары пәлеге қалады. Құр жұмыстан шығарып жіберсе жақсы. «Жазықсыз адамды айыптап, ұрып-соғып, азаптады» деп соттап жіберуден де тайынбайды бүгінде. – Сергей, сен түсін, барлық дәлел саған қарсы келіп тұр. Егер шындықты айтып, қылмысыңды мойындамасаң, мен саған жақсылық жасай алмаймын. Ал, жағдайдың қалай болғанын өзің баяндап берсең жазаңды жеңілдетуге бар күшімді саламын және мыналардың да қолына бермеймін, – деп Маратты нұсқады. Қайта-қайта соққы жеп, әбден зәрезап болған Сергей басын қорғаштап, Мараттың әр қимылын бағып отыр. Бастың ауырғаны ұмыт болып, дойыр тиген жерлер дуылдап барады. Бүйрек тұсынан тиген соққы жанына қатты батып тұр. Оң жақ бүйрегі солқ-солқ етіп, үзіліп бара жатқандай. Алара қараған Мараттың көзінен жанарын алып қашып, лейтенантқа жалынышты жүзбен қарады да, басын изеді. Бұлтара бергенмен опа таппасын түсінген сияқты… * * * – Рұқсат па екен? – Аааа, Марат, кел. Өзім де саған хабарласайын деп жатыр едім. Басекең тулап жатыр. Үш күн ішінде қылмыскерді таппасаң куәлігіңді тапсыр, – деді. – Так что, жағдай мәз емес… Не болды, көңілдісің ғой? – Әлихан Маханбетыч, еш уайымдамаңыз. Сергей мойындап жатыр. Бақта асылып қалған қызды зорлап, өз-өзіне қол жұмсауға мәжбүрлеген сол екен. Қазір тергеушінің алдында сайрап отыр. – Рас па?! Ойпырм-ай, мынау бір көптен бері естіген жақсы жаңалық болды ғой… Бірақ, Марат, шынымен сол ма екен, ол өз еркімен мойындады ма? Сенің қолыңа түскендер «Берлинді мен алдым» – деп те мойындай беруші еді. Солай болған жоқ па? – Енді… өздігінен отыра қалып, бәрін жайып салды дей алмаймын, подполковник мырза. Бірақ, мән-жайды түсіндіріп, сөйлестім… Экспертизаның мәліметтері келгенде бәрі анықталады, – деп едім, құтыла алмасын ұғынды ғой деймін, бәрін айтамын деді. – Мммм, онда жақсы болған екен. Айтпақшы, сараптама қорытындысы қашан келеді? Күдіктіні апарып келдіңдер ме? – Иә, Әлихан Маханбетыч, бәрі заң бойынша істеліп жатыр. Еш уайымдамаңыз. – Жақсы онда. Рақмет жақсы жаңалығыңа. – Сау болыңыз, подполковник мырза. * * * Басшылық берген мерзім таяған сайын Әлихан да тықырши бастады. Өзін қоярға жер таба алар емес. Тар кабинеттің ішінде ерсілі-қарсылы жүргеніне бір сағаттай болды. Не істесе болады?… Мына сарапшылар да уақытты созып жатыр. Жұмысқа келісімен сараптама қорытындысы келді ме? – деп сұрайды. Кезекші басын шайқағанда мұның үміті ақталмай, еңсесі түсіп кетті.

Кезекші басын шайқағанда мұның үміті ақталмай, еңсесі түседі. Сергейдің де тергеу абақтысында отырғанына екі күн болды. Нақты дәлел болмаса оны ертең босату керек. Оның «Иринаны мен зорладым» деген сөзіне бола қамауда ұстап отыра алмайсың. Сөзін растайтын дәлелдер керек. Ал, бұлтартпас дәлелді қазір тек сот-медициналық сараптама мамандары ғана бере алады. Енді қайтпек керек?… Бәлкім… Иә, ол жаққа өзі барып келгені жөн. Сол тезірек болады. Зертханаға өзі барып, сараптама қорытындысын өзі алғаны абзал. Әйтпесе, ондағылардың сенің асыққаныңмен шаруасы жоқ, өмірі кісімсіп жүреді. Әлихан Маханбетұлы үстел үстінде жатқан кілтін алып, дереу кабинеттен шықты. Кезекшіге, «мен бір сағаттан кейін боламын. Лабораторияға барып келемін» – деп ескертіп қоюды да ұмытпады. Мамырдың мамыражай мезгілі жанға біртүрлі жылылық береді. Көктемнің көгіне іліккен жұрттың жүзі бал-бұл жанып, шуаққа шомылып жүргендей. Шағын қаланың бір жақсысы осы болса керек, адамдар бір-бірімен етене таныс жандардай мейірлене қарап, танымаса да амандасып өтеді. Мұнда мемлекеттік мекемелер негізінен орталық көшеде шоғырланған. Бірақ, мәйітхана мен сот-медициналық сараптама мекемесі қаланың шет аумағына, көне ғимараттардың бірінде орналасқан. Ел аузында бұл аймақ «Соңғы сапар ауданы» аталып кеткен. Әлихан сол ауданға көлігімен келіп, сылағы түсіп, ана жер мына жерінің кірпіштері үгітіле бастаған жертамның алдына тоқтады. Мекеме қызметкерлері есік алдында шылым шегіп отыр екен. Жолдың шаңын бұрқыратып, мазаларын ала келген тергеу бөлімінің басшысына бәрі жақтырмай қарады. «Тағы да тықақтап, сараптама қорытындысын сұрайды қазір. Бір күн шыдаса өзімізақ жеткізіп берер едік қой» – деді, ақ халатының жеңіне қан қатып, қатпарланып қалған Михаил Невзоров деген бас маман. Оның мұрын астынан міңгірлеп, жанындағыларға естірте айтқан сөзі подполковникке жете қойған жоқ. Бірақ, оның тыжырына қараған түрінен қандай сөздер айтылып, қандай ойлар қылаң бергенін Әлихан бірден аңғарды. Әйтсе де, керек қағазын алып алғанша бұлармен жүз шайысуға болмайды. Сол себепті ол зертхана қызметкерлеріне жайдары мінез танытып, алыстан дауыстап амандаса жақындады. – Оооо, сот-медицина саласының ғұламаларына жалынды сәлем! Қалайсыңдар, жігіттер? Жұмыстарыңа сәттілік тілеймін! Сендер болмасаңдар біздің жұмысымыз мүлдем өнбейді, тергеу жүрмейді, қылмыс ашылмайды. Оны өздерің де жақсы білесіңдер. Сендердің бар болғандарың үшін Аллаға мың шүкір! Жаңа жолда келе жатып мына бір шөлмекті ала салып едім, шаруаларың біткен соң өздерің тамақ шаярсыңдар. Әрине, таза спирттей бола қоймас. Дегенмен, көңіл ғой, жігіттер, – деп қара пакетке салынған бір шиша арақты Мишаға қарай ұсынды. Мұндай құбылысқа үйреніп қалған ол қолын созып жатып, кілт тұрып қалды. Қасындағы әріптестеріне бір, подполковникке бір қарап, халатының жеңін тартқылап, абдырап тұрды да пакетке қарай құлықсыз қол созды. – Миша, не болды қалтырап, дегбірің қашып кетті ғой. Қатының енді арақ ұстасаң қолыңды сындырамын деді ме? – деп жанындағы жігіттер қыран-топан болды. Расында, әншейінде арақ әкелсең жайнаңдап шыға келетін осы бір қисық көз соңғы кездері Әлиханға жақтырмай қарайтынды шығарды. Бұған дейін де бір-екі рет осындай қылығын аңғарғанымен, подполковник мән бере қоймады. Бет-аузы, қолы-басы жара-жара болып жүреді соңғы кездері. Айналасындағылар, «Миша, Катюша сені тағы тәртіпке шақырды ма, түрден түр қалмапты ғой. Әй, сол адуынды қатынды тастамасаң бір күні сені ұрып өлтіреді. Немесе арақты қойып, соның айтқанымен жүріп-тұратын боласың» – деп қағытып жатқанын көрген. «Ойпырм-ай, мынадай еңгезердей еркекті сабап, жүнін жұлған тауықтай етіп қойған ол қандай қатын екен? Мынаған әлі келіп жүрсе құр адуын емес, нағыз дүлей долы шығар ол» – деп ойлады сол кезде Әлихан. Міне, бүгін тағы көзінің айналасы қанталап, тырналған. Қолының да саутамтығы қалмапты байқұстың. Подполковник Невзоровқа мүсіркей қарады да, бірден келген шаруасына көшті. – Ереке, соңғы жағдай бойынша сараптама қорытындысы шықты ма? Марқұм Ирина Нефедованың бойынан алынған шауқат пен тырнақ астынан алынған материалдардың біздің күдіктімізге қатысы бар ма екен? Тездетіп қылмыскерді ұстамаса бастық басыңды аламын деп жатыр – деп, аға ғылыми қызметкер Ерік Тұралиевке қарады. – Еее, басыңды аламын десе сенің жаның менің қолымда екен ғой. Онда бір өлімнен аман қалдың. Жаның үшін маған, нақтырақ айтқанда ана Мишаға қарыздарсың. Жаңа ғана қорытындыны әкеліп беріп еді ол, – деп, бір бет парақты Әлиханға ұсынды. Подполковниктің көзінде үміт оты жарқ етіп, дереу қағаздағы айбақ-сайбақ жазуды оқи бастады. Біртіндеп көзінде қуаныштың ұшқыны білінді. Аяғын сүйретіп, алып денесі иін ағаштай иіліп кетіп бара жатқан Михаил Невзоровқа риза көңілмен бір қарады. – Ереке, рақмет, сізге де, Мишаға да. Алла қосса мына бір бет парақ менің жанымды ғана аман алып қалған жоқ. Тіпті, шенімді де өсіріп жіберуі мүмкін. Сол күнге жетер болсақ сендерді бір кафеге шақырып, дұрыстап тұрып жуып беремін. Рақмет! – деп көлігіне қарай тұра жөнелді. * * * Басқармаға дейін қалай тез жеткенін Әлиханның өзі де аңғармай қалды. Кабинетіне кірісімен телефон соғып, Маратты өзіне шақыртты. – Рұқсат па екен? – Марат, кір! Міне, сот-медициналық сараптама қорытындысы. Шыдамай, өзім барып алып келдім. Тергеушіге айт, құжаттарды реттеп, прокуратураға жөнелтсін. «Бір оқпен екі қоян атты» деген осы болады. Уф! Иығымнан жүк түскендей, бейне-бір қанат біткендей ұшып келдім жаңа. Кешегі асылып қалған қызды да, осыған дейінгілерді де зорлаған сенің Сергейің екен. Сараптама қорытындысы осыны растап отыр. – Құп болады, жолдас подполковник! Бәсе, Сергей неғып моп-момақан бола қалды десем. «Иринасыз маған өмірдің мәні жоқ. Қалаған қылмыстарыңды іле беріңдер мойныма. Не айт, қалай айт десеңдер солай айтып, жазып беремін. Маған енді бұл өмір қызықсыз», – деп сайрап отыр еді. Жасарын жасап, асарын асап алып отыр екен ғой оңбаған. Нағыз әртіс екен. Тіпті мен, осы байқұстың кінәсі жоқ шығар-ау. Нақақтан күйіп бара жатқан жоқ па деп ойлана бастап едім. Қателесуге шақ қалған екенмін, – деп Марат Нұрышев та көңілі жайланғандай болды. * * * Камераның іші көзге түртсе көргісіз, тас қараңғы. Тек сыбырлап сөйлеген дауыс қана естіледі. Бейне бір кеңістіктен, тұңғиықтан шығып жатқан секілді ол дауыс. Сәл тұрып, түнекке көзі үйренген адам ғана оң жақ бұрышта тақтай төсекте бүрісіп жатқан адамның сұлбасын байқай алады… – Кешір мені, Иришка, кешір… Кешір мені, жаным, кешір… Мен кінәлімін… Мен өлтірдім… мен өлтірдім сені… Бәріне мен кінәлімін… Қызғаншақтықтың қызыл иті сенің маған деген сезіміңнің адалдығын, сенің махаббатыңды шын сезінуге мұрша бермеді. Мен кінәлімін… кешір мені… сүйіктім… кешір мені… * * * – Подполковник мырза, мына бір адам сізді күтіп отыр. Келгеніне біраз болды, өзіңізге айтатын мәліметім бар, – дейді. Кезекшінің сөзін жүре тыңдаған Әлихан Маханбетұлы кіреберісте отырған орта жастағы адамға көз қырын салды да, «кабинетке жүріңіз» – деп, ертіп кетті. Жұмыс орнына жайғасып, алдындағы қағаздарды реттеп алған соң қарсы орындықта отырған бейтаныс жанға назар аударды. Әлихан Маханбетұлы мұндай «қонақтарға» әбден үйреніп алған еді. Жас кезінде милиция болуды армандап, алайда түрлі себептермен басқа салаға кетіп қалған адамдар есейген соң да ізкесушінің рөлін сомдап, балалық шақтағы қиялымен өмір сүре береді. Әркімнен бір күдіктеніп, полицияның онсыз да көп жұмысын ауырлатып кететіндері бар. Құр ойымен бөлісіп қойса жақсы. Кейбірі тіпті, болмашы нәрсеге арыз жазып, бармасыңа, тексермесіңе қоймай, қадалып отырып алады. Амал жоқ, арыз түскен соң баруға, тергеп-тексеруге тура келеді. Шындығын айтқанда, бөлімдегі бар-жоғы үш-төрт тергеушінің бір-екеуі осындай құр пайым, болжам, байбалам негізінде жазылған арыз-шағымды қарап, сандалып жүрумен уақыттарын өткізеді. Бірақ, мына адам ондай күдікшіл мен күмәншілдер қатарынан емес сияқты. Және өзге емес, бөлім басшысымен ғана сөйлесемін деп күтіп отырған. Үстіндегі киім-кешегі де таза, жинақы. Бойын тік ұстап, шашын қысқартып қиып, сақал-мұртты тазалап қырып қойғанына қарағанда органда немесе әскер қатарында қызмет еткен адам сияқты… – Саулығыңызды тілеймін, подполковник мырза! Менің есімім Қайрат Жолдасұлы болады. Маған былай барлап қарай берудің қажеті жоқ. Мен де кезінде пагон таққан адаммын, қазір зейнеттемін. Бірақ, ауру қалса да әдет қалмайды екен, жан-жағыма бажайлап, қырағы отыру қалыпты дағдыға айналған. Қайда қызмет еткенімді айтпай-ақ қояйын, ол маңызды емес – деп, ыңғайланып отырып сөзін бастады бейтаныс жан. – Мен Алмалы көшесіндегі 38-ші үйде тұрамын. Онда қоныс аударғаныма көп болған жоқ. Зейнетке шыққаннан кейін жер үйде тұрып, бау-бақшаны ермек қылайын деп көшкеніме жылдан астам уақыт болды. Осы үйге көшкелі оң қапталымыздағы бір үйден кейін тұратын орта жастағы адамдар тынышымызды алып болды. Осы тұсқа келгенде Әлихан, «Еее, әдеттегі әңгіме, сол баяғы арыз-шағым болды ғой» – деп ойлап, қарамағындағы тергеушілердің бірін шақырмаққа телефонға қол соза берген еді. Подполковниктің ыңғайын сезген Қайрат та тезірек сөйлеуге көшті. – Сол отбасы міне 2 айдай болды тынышталып қалды. Отағасы бір байқұс адам. Аздап ішетін болуы керек, кешкісін үйіне қарай сүйретіліп келе жатқан бейбақты әйелі көшеден күтіп алып, жерден алып, жерге салып жатушы еді. Соңғы кезде тып-тыныш. Жыл бойы естіп жүрген «әуеніміздің» сап тыйылғаны маған күмән келтіре бастады. Долы келіншек көрінбей кетті. Ал, күйеуі сол баяғы ілбиген қалпы, жұмысқа кетіп бара жатады, ішіп алып, қисалаңдап қайтып келе жатады. Соңғы кезде осы адамның үйі жағынан жағымсыз иіс келеді. Желдің бағыты сол жақтан соқса демалу мүмкін болмай қалады. Осыны бір тексеріп берсеңіз деген өтінішпен келіп отырмын. Менің кәсіби түйсігім осы жерде бір кілтипан бар дегенге саяды. Қаласаңыз арыз жазайын. Бірақ, сізді мықты маман деп естідім, сол себепті алдымен өзіңізге келіп отырмын, – деп Қайрат Әлиханға салмақ сала сөзін аяқтады. Әр сөзін салмақтап, сараптап сөйлеп отырған Қайрат Жолдасұлының әңгімесі Әлихан Маханбетұлына да қызық көрінді. Арыз жаздырып алу ешқайда қашпас. Расында, мына кісінің күмәні шынға айналып, сол жерде бір шикілік болса ше? Тағы бір қылмыс ашылып жатса онда басшылық алдында абыройы артып қалмай ма? Осындай пендеуи ойлар санасын билеген подполковник Қайратпен бірге барып, күмәнді үйді тексеруге келісті. * * * Алмалы көшесін бойлай келіп тоқтаған жеңіл көліктен екі адам түсті. Уақыт түске таяп қалған мезгіл еді. Мамыр айының аяғы, күн ысып, температура отыз градустан асып тұр. Болар-болмас желдің өзі жанға сая болар емес. Керісінше сасық иіс келетіндей ме, біртүрлі. Әлихан 36-үйдің ауласына кіріп, үйдің сыртқы есігін итеріп көріп еді, ілдейбайлап ілініп тұрған есік айқара ашылды да іштен қолаңса иіс мүңк ете түсті. Таныс иіс… Иә, қалалық мәйітхананың ішінен осындай иіс шығып тұратын. Әлихан Маханбетұлы қасындағы Қайратқа, сіз кірмей тұра тұрыңыз – деді де қол орамалын алып, мұрнын тұмшалап жауып үйге кірді. Үйдің іші тып-тыныш. Кей бөлмелер қаракөлеңке. Ал, пердесі мен форточкасы жартылай ашық тұрған жатын бөлмеде төсектің үстінде белгісіз адамның мәйіті жатыр. Қарайып, борсып, ісініп кетсе де ұзын шашына қарап, бұл мүрденің әйел адамдікі екенін аңғаруға болар еді. Әлихан сыртқа атып шығып, алысырақ барып құсып жіберді. Жаңағы көрініс талайды көрген кәнігі полицейдің өзін лоқсытып, жүрегін айнытты. Дереу кезекшіге телефон соғып, оқиға орнына полиция шақырды. Жедел жеткен мамандар іске кірісті. Айналаны қоршап, тексеру жұмыстарын бастап кетті. Біраздан соң Серік Қарабаев шығып подполковникке екі төлқұжат пен блокнот ұсынды да: – Естімеген елде көп деген осы, Әлеке. Мынау күнделік қой деймін. Беті ашық жатыр екен, оқыдым да саған алып келдім. Менен гөрі саған қызығырақ болар деп ойладым – деді де қайтадан үйге кіріп кетті. Әлихан бірден күнделіктегі жазуға көз жүгіртті. Таныс жазу, бір жерден көрген сияқты осындай қолтаңбаны… «…Катюша, мен тағы да құтылып кеттім. Сенің жаның тұлданып, «қап бәлем!» деп күйініп жатқан шығар. Бірақ, мен енді сенен қорықпаймын. Бұрынғыдай шабалаңдап, маған қол жұмсай алмайсың енді. Сенің ендігі жердегі міндетің менің ырқыма көніп, не істесем де, қалай істесем де соған төзіп жату. Сен ренжіме, мен сенің көзіңді жауып қойдым. Өйткені, оты өшіп қалған. Кейде тірі жанарды көргім келеді. Аққан жасты көрсем, ыңырсыған дауысты естісем деймін. Сен менің ол қалауымды енді өтей алмайсың. Ана Сергей деген байқұс босқа сотталып кетті. «Мен өлтірдім, менің кінәм» дейтін көрінеді. Иринаны шынымен сүйген болып тұр ғой. Ол да қызық, бірден асыла салғаны несі. Екеуіңнің мінездерің ұқсайды. Бір анадан тумасаңдар да әкелерің бір ғой қанша дегенмен. Оған дейінгі үш қыз өлмей-ақ өмір сүріп жүр ғой. Олар қазір ана Сергейді қарғап-сілеп жатқан болар. Айтпақшы, жағдайдың қалай болғанын білесің бе? Бәрін мен істедім. Ха-ха-ха! Зертханаға келген шауқат пен өзге де материалдар бойынша қорытындыны өзім жазып отырдым. «Бәрі бір адамдікі, пәлен-түген» деп. Ал, Сергей деген күдікті ұсталып, соның анализдері алынған кезде, осыған дейінгі материалдар мен Иринаның бойынан алынған шауқат осы Сергейдікі деп жала жаптым. Бітті! Сергей сотталды, ал мен сенің жаныңдамын. Сіңлің үшін ренжіме. Ол бір күні болмаса бір күні үйге келіп, екеуміздің шырқымызды бұзуы мүмкін еді. Енді бізге ешкім де кедергі бола алмайды. Біз бақыттымыз!». Мына жазбаны оқыған Әлихан Маханбетұлы не істерін білмей отырып қалды. Жерде екі адамның төлқұжаты ашық жатыр. Бірі – Невзоров Михаил Васильевичтікі. Екіншісі – Нефедова Екатерина Анатольевнанікі.

Кезекші басын шайқағанда мұның үміті ақталмай, еңсесі түседі. Сергейдің де тергеу абақтысында отырғанына екі күн болды. Нақты дәлел болмаса оны ертең босату керек. Оның «Иринаны мен зорладым» деген сөзіне бола қамауда ұстап отыра алмайсың. Сөзін растайтын дәлелдер керек. Ал, бұлтартпас дәлелді қазір тек сот-медициналық сараптама мамандары ғана бере алады. Енді қайтпек керек?… Бәлкім… Иә, ол жаққа өзі барып келгені жөн. Сол тезірек болады. Зертханаға өзі барып, сараптама қорытындысын өзі алғаны абзал. Әйтпесе, ондағылардың сенің асыққаныңмен шаруасы жоқ, өмірі кісімсіп жүреді. Әлихан Маханбетұлы үстел үстінде жатқан кілтін алып, дереу кабинеттен шықты. Кезекшіге, «мен бір сағаттан кейін боламын. Лабораторияға барып келемін» – деп ескертіп қоюды да ұмытпады. Мамырдың мамыражай мезгілі жанға біртүрлі жылылық береді. Көктемнің көгіне іліккен жұрттың жүзі бал-бұл жанып, шуаққа шомылып жүргендей. Шағын қаланың бір жақсысы осы болса керек, адамдар бір-бірімен етене таныс жандардай мейірлене қарап, танымаса да амандасып өтеді. Мұнда мемлекеттік мекемелер негізінен орталық көшеде шоғырланған. Бірақ, мәйітхана мен сот-медициналық сараптама мекемесі қаланың шет аумағына, көне ғимараттардың бірінде орналасқан. Ел аузында бұл аймақ «Соңғы сапар ауданы» аталып кеткен. Әлихан сол ауданға көлігімен келіп, сылағы түсіп, ана жер мына жерінің кірпіштері үгітіле бастаған жертамның алдына тоқтады. Мекеме қызметкерлері есік алдында шылым шегіп отыр екен. Жолдың шаңын бұрқыратып, мазаларын ала келген тергеу бөлімінің басшысына бәрі жақтырмай қарады. «Тағы да тықақтап, сараптама қорытындысын сұрайды қазір. Бір күн шыдаса өзімізақ жеткізіп берер едік қой» – деді, ақ халатының жеңіне қан қатып, қатпарланып қалған Михаил Невзоров деген бас маман. Оның мұрын астынан міңгірлеп, жанындағыларға естірте айтқан сөзі подполковникке жете қойған жоқ. Бірақ, оның тыжырына қараған түрінен қандай сөздер айтылып, қандай ойлар қылаң бергенін Әлихан бірден аңғарды. Әйтсе де, керек қағазын алып алғанша бұлармен жүз шайысуға болмайды. Сол себепті ол зертхана қызметкерлеріне жайдары мінез танытып, алыстан дауыстап амандаса жақындады. – Оооо, сот-медицина саласының ғұламаларына жалынды сәлем! Қалайсыңдар, жігіттер? Жұмыстарыңа сәттілік тілеймін! Сендер болмасаңдар біздің жұмысымыз мүлдем өнбейді, тергеу жүрмейді, қылмыс ашылмайды. Оны өздерің де жақсы білесіңдер. Сендердің бар болғандарың үшін Аллаға мың шүкір! Жаңа жолда келе жатып мына бір шөлмекті ала салып едім, шаруаларың біткен соң өздерің тамақ шаярсыңдар. Әрине, таза спирттей бола қоймас. Дегенмен, көңіл ғой, жігіттер, – деп қара пакетке салынған бір шиша арақты Мишаға қарай ұсынды. Мұндай құбылысқа үйреніп қалған ол қолын созып жатып, кілт тұрып қалды. Қасындағы әріптестеріне бір, подполковникке бір қарап, халатының жеңін тартқылап, абдырап тұрды да пакетке қарай құлықсыз қол созды. – Миша, не болды қалтырап, дегбірің қашып кетті ғой. Қатының енді арақ ұстасаң қолыңды сындырамын деді ме? – деп жанындағы жігіттер қыран-топан болды. Расында, әншейінде арақ әкелсең жайнаңдап шыға келетін осы бір қисық көз соңғы кездері Әлиханға жақтырмай қарайтынды шығарды. Бұған дейін де бір-екі рет осындай қылығын аңғарғанымен, подполковник мән бере қоймады. Бет-аузы, қолы-басы жара-жара болып жүреді соңғы кездері. Айналасындағылар, «Миша, Катюша сені тағы тәртіпке шақырды ма, түрден түр қалмапты ғой. Әй, сол адуынды қатынды тастамасаң бір күні сені ұрып өлтіреді. Немесе арақты қойып, соның айтқанымен жүріп-тұратын боласың» – деп қағытып жатқанын көрген. «Ойпырм-ай, мынадай еңгезердей еркекті сабап, жүнін жұлған тауықтай етіп қойған ол қандай қатын екен? Мынаған әлі келіп жүрсе құр адуын емес, нағыз дүлей долы шығар ол» – деп ойлады сол кезде Әлихан. Міне, бүгін тағы көзінің айналасы қанталап, тырналған. Қолының да саутамтығы қалмапты байқұстың. Подполковник Невзоровқа мүсіркей қарады да, бірден келген шаруасына көшті. – Ереке, соңғы жағдай бойынша сараптама қорытындысы шықты ма? Марқұм Ирина Нефедованың бойынан алынған шауқат пен тырнақ астынан алынған материалдардың біздің күдіктімізге қатысы бар ма екен? Тездетіп қылмыскерді ұстамаса бастық басыңды аламын деп жатыр – деп, аға ғылыми қызметкер Ерік Тұралиевке қарады. – Еее, басыңды аламын десе сенің жаның менің қолымда екен ғой. Онда бір өлімнен аман қалдың. Жаның үшін маған, нақтырақ айтқанда ана Мишаға қарыздарсың. Жаңа ғана қорытындыны әкеліп беріп еді ол, – деп, бір бет парақты Әлиханға ұсынды. Подполковниктің көзінде үміт оты жарқ етіп, дереу қағаздағы айбақ-сайбақ жазуды оқи бастады. Біртіндеп көзінде қуаныштың ұшқыны білінді. Аяғын сүйретіп, алып денесі иін ағаштай иіліп кетіп бара жатқан Михаил Невзоровқа риза көңілмен бір қарады. – Ереке, рақмет, сізге де, Мишаға да. Алла қосса мына бір бет парақ менің жанымды ғана аман алып қалған жоқ. Тіпті, шенімді де өсіріп жіберуі мүмкін. Сол күнге жетер болсақ сендерді бір кафеге шақырып, дұрыстап тұрып жуып беремін. Рақмет! – деп көлігіне қарай тұра жөнелді. * * * Басқармаға дейін қалай тез жеткенін Әлиханның өзі де аңғармай қалды. Кабинетіне кірісімен телефон соғып, Маратты өзіне шақыртты. – Рұқсат па екен? – Марат, кір! Міне, сот-медициналық сараптама қорытындысы. Шыдамай, өзім барып алып келдім. Тергеушіге айт, құжаттарды реттеп, прокуратураға жөнелтсін. «Бір оқпен екі қоян атты» деген осы болады. Уф! Иығымнан жүк түскендей, бейне-бір қанат біткендей ұшып келдім жаңа. Кешегі асылып қалған қызды да, осыған дейінгілерді де зорлаған сенің Сергейің екен. Сараптама қорытындысы осыны растап отыр. – Құп болады, жолдас подполковник! Бәсе, Сергей неғып моп-момақан бола қалды десем. «Иринасыз маған өмірдің мәні жоқ. Қалаған қылмыстарыңды іле беріңдер мойныма. Не айт, қалай айт десеңдер солай айтып, жазып беремін. Маған енді бұл өмір қызықсыз», – деп сайрап отыр еді. Жасарын жасап, асарын асап алып отыр екен ғой оңбаған. Нағыз әртіс екен. Тіпті мен, осы байқұстың кінәсі жоқ шығар-ау. Нақақтан күйіп бара жатқан жоқ па деп ойлана бастап едім. Қателесуге шақ қалған екенмін, – деп Марат Нұрышев та көңілі жайланғандай болды.* * * Камераның іші көзге түртсе көргісіз, тас қараңғы. Тек сыбырлап сөйлеген дауыс қана естіледі. Бейне бір кеңістіктен, тұңғиықтан шығып жатқан секілді ол дауыс. Сәл тұрып, түнекке көзі үйренген адам ғана оң жақ бұрышта тақтай төсекте бүрісіп жатқан адамның сұлбасын байқай алады… – Кешір мені, Иришка, кешір… Кешір мені, жаным, кешір… Мен кінәлімін… Мен өлтірдім… мен өлтірдім сені… Бәріне мен кінәлімін… Қызғаншақтықтың қызыл иті сенің маған деген сезіміңнің адалдығын, сенің махаббатыңды шын сезінуге мұрша бермеді. Мен кінәлімін… кешір мені… сүйіктім… кешір мені… * * * – Подполковник мырза, мына бір адам сізді күтіп отыр. Келгеніне біраз болды, өзіңізге айтатын мәліметім бар, – дейді. Кезекшінің сөзін жүре тыңдаған Әлихан Маханбетұлы кіреберісте отырған орта жастағы адамға көз қырын салды да, «кабинетке жүріңіз» – деп, ертіп кетті. Жұмыс орнына жайғасып, алдындағы қағаздарды реттеп алған соң қарсы орындықта отырған бейтаныс жанға назар аударды. Әлихан Маханбетұлы мұндай «қонақтарға» әбден үйреніп алған еді. Жас кезінде милиция болуды армандап, алайда түрлі себептермен басқа салаға кетіп қалған адамдар есейген соң да ізкесушінің рөлін сомдап, балалық шақтағы қиялымен өмір сүре береді. Әркімнен бір күдіктеніп, полицияның онсыз да көп жұмысын ауырлатып кететіндері бар. Құр ойымен бөлісіп қойса жақсы. Кейбірі тіпті, болмашы нәрсеге арыз жазып, бармасыңа, тексермесіңе қоймай, қадалып отырып алады. Амал жоқ, арыз түскен соң баруға, тергеп-тексеруге тура келеді. Шындығын айтқанда, бөлімдегі бар-жоғы үш-төрт тергеушінің бір-екеуі осындай құр пайым, болжам, байбалам негізінде жазылған арыз-шағымды қарап, сандалып жүрумен уақыттарын өткізеді. Бірақ, мына адам ондай күдікшіл мен күмәншілдер қатарынан емес сияқты. Және өзге емес, бөлім басшысымен ғана сөйлесемін деп күтіп отырған. Үстіндегі киім-кешегі де таза, жинақы. Бойын тік ұстап, шашын қысқартып қиып, сақал-мұртты тазалап қырып қойғанына қарағанда органда немесе әскер қатарында қызмет еткен адам сияқты… – Саулығыңызды тілеймін, подполковник мырза! Менің есімім Қайрат Жолдасұлы болады. Маған былай барлап қарай берудің қажеті жоқ. Мен де кезінде пагон таққан адаммын, қазір зейнеттемін. Бірақ, ауру қалса да әдет қалмайды екен, жан-жағыма бажайлап, қырағы отыру қалыпты дағдыға айналған. Қайда қызмет еткенімді айтпай-ақ қояйын, ол маңызды емес – деп, ыңғайланып отырып сөзін бастады бейтаныс жан. – Мен Алмалы көшесіндегі 38-ші үйде тұрамын. Онда қоныс аударғаныма көп болған жоқ. Зейнетке шыққаннан кейін жер үйде тұрып, бау-бақшаны ермек қылайын деп көшкеніме жылдан астам уақыт болды. Осы үйге көшкелі оң қапталымыздағы бір үйден кейін тұратын орта жастағы адамдар тынышымызды алып болды. Осы тұсқа келгенде Әлихан, «Еее, әдеттегі әңгіме, сол баяғы арыз-шағым болды ғой» – деп ойлап, қарамағындағы тергеушілердің бірін шақырмаққа телефонға қол соза берген еді. Подполковниктің ыңғайын сезген Қайрат та тезірек сөйлеуге көшті. – Сол отбасы міне 2 айдай болды тынышталып қалды. Отағасы бір байқұс адам. Аздап ішетін болуы керек, кешкісін үйіне қарай сүйретіліп келе жатқан бейбақты әйелі көшеден күтіп алып, жерден алып, жерге салып жатушы еді. Соңғы кезде тып-тыныш. Жыл бойы естіп жүрген «әуеніміздің» сап тыйылғаны маған күмән келтіре бастады. Долы келіншек көрінбей кетті. Ал, күйеуі сол баяғы ілбиген қалпы, жұмысқа кетіп бара жатады, ішіп алып, қисалаңдап қайтып келе жатады. Соңғы кезде осы адамның үйі жағынан жағымсыз иіс келеді. Желдің бағыты сол жақтан соқса демалу мүмкін болмай қалады. Осыны бір тексеріп берсеңіз деген өтінішпен келіп отырмын. Менің кәсіби түйсігім осы жерде бір кілтипан бар дегенге саяды. Қаласаңыз арыз жазайын. Бірақ, сізді мықты маман деп естідім, сол себепті алдымен өзіңізге келіп отырмын, – деп Қайрат Әлиханға салмақ сала сөзін аяқтады. Әр сөзін салмақтап, сараптап сөйлеп отырған Қайрат Жолдасұлының әңгімесі Әлихан Маханбетұлына да қызық көрінді. Арыз жаздырып алу ешқайда қашпас. Расында, мына кісінің күмәні шынға айналып, сол жерде бір шикілік болса ше? Тағы бір қылмыс ашылып жатса онда басшылық алдында абыройы артып қалмай ма? Осындай пендеуи ойлар санасын билеген подполковник Қайратпен бірге барып, күмәнді үйді тексеруге келісті. * * * Алмалы көшесін бойлай келіп тоқтаған жеңіл көліктен екі адам түсті. Уақыт түске таяп қалған мезгіл еді. Мамыр айының аяғы, күн ысып, температура отыз градустан асып тұр. Болар-болмас желдің өзі жанға сая болар емес. Керісінше сасық иіс келетіндей ме, біртүрлі. Әлихан 36-үйдің ауласына кіріп, үйдің сыртқы есігін итеріп көріп еді, ілдейбайлап ілініп тұрған есік айқара ашылды да іштен қолаңса иіс мүңк ете түсті. Таныс иіс… Иә, қалалық мәйітхананың ішінен осындай иіс шығып тұратын. Әлихан Маханбетұлы қасындағы Қайратқа, сіз кірмей тұра тұрыңыз – деді де қол орамалын алып, мұрнын тұмшалап жауып үйге кірді. Үйдің іші тып-тыныш. Кей бөлмелер қаракөлеңке. Ал, пердесі мен форточкасы жартылай ашық тұрған жатын бөлмеде төсектің үстінде белгісіз адамның мәйіті жатыр. Қарайып, борсып, ісініп кетсе де ұзын шашына қарап, бұл мүрденің әйел адамдікі екенін аңғаруға болар еді. Әлихан сыртқа атып шығып, алысырақ барып құсып жіберді. Жаңағы көрініс талайды көрген кәнігі полицейдің өзін лоқсытып, жүрегін айнытты. Дереу кезекшіге телефон соғып, оқиға орнына полиция шақырды. Жедел жеткен мамандар іске кірісті. Айналаны қоршап, тексеру жұмыстарын бастап кетті. Біраздан соң Серік Қарабаев шығып подполковникке екі төлқұжат пен блокнот ұсынды да: – Естімеген елде көп деген осы, Әлеке. Мынау күнделік қой деймін. Беті ашық жатыр екен, оқыдым да саған алып келдім. Менен гөрі саған қызығырақ болар деп ойладым – деді де қайтадан үйге кіріп кетті. Әлихан бірден күнделіктегі жазуға көз жүгіртті. Таныс жазу, бір жерден көрген сияқты осындай қолтаңбаны… «…Катюша, мен тағы да құтылып кеттім. Сенің жаның тұлданып, «қап бәлем!» деп күйініп жатқан шығар. Бірақ, мен енді сенен қорықпаймын. Бұрынғыдай шабалаңдап, маған қол жұмсай алмайсың енді. Сенің ендігі жердегі міндетің менің ырқыма көніп, не істесем де, қалай істесем де соған төзіп жату. Сен ренжіме, мен сенің көзіңді жауып қойдым. Өйткені, оты өшіп қалған. Кейде тірі жанарды көргім келеді. Аққан жасты көрсем, ыңырсыған дауысты естісем деймін. Сен менің ол қалауымды енді өтей алмайсың. Ана Сергей деген байқұс босқа сотталып кетті. «Мен өлтірдім, менің кінәм» дейтін көрінеді. Иринаны шынымен сүйген болып тұр ғой. Ол да қызық, бірден асыла салғаны несі. Екеуіңнің мінездерің ұқсайды. Бір анадан тумасаңдар да әкелерің бір ғой қанша дегенмен. Оған дейінгі үш қыз өлмей-ақ өмір сүріп жүр ғой. Олар қазір ана Сергейді қарғап-сілеп жатқан болар. Айтпақшы, жағдайдың қалай болғанын білесің бе? Бәрін мен істедім. Ха-ха-ха! Зертханаға келген шауқат пен өзге де материалдар бойынша қорытындыны өзім жазып отырдым. «Бәрі бір адамдікі, пәлен-түген» деп. Ал, Сергей деген күдікті ұсталып, соның анализдері алынған кезде, осыған дейінгі материалдар мен Иринаның бойынан алынған шауқат осы Сергейдікі деп жала жаптым. Бітті! Сергей сотталды, ал мен сенің жаныңдамын. Сіңлің үшін ренжіме. Ол бір күні болмаса бір күні үйге келіп, екеуміздің шырқымызды бұзуы мүмкін еді. Енді бізге ешкім де кедергі бола алмайды. Біз бақыттымыз!». Мына жазбаны оқыған Әлихан Маханбетұлы не істерін білмей отырып қалды. Жерде екі адамның төлқұжаты ашық жатыр. Бірі – Невзоров Михаил Васильевичтікі. Екіншісі – Нефедова Екатерина Анатольевнанікі.

Талант ДОСБОЛҰЛЫ

ӘЗ-НАУРЫЗДА ТӨГІЛГЕН НӘРЕСТЕНІҢ БЕЙКҮНӘ ҚАНЫ

«Счастье всего мира не стоит одной слезы на щеке...

Қаралы сырлар

Кешкі сағат сегіздер шамасы. Аспанды көмкерген қалың бұлттанба, жоқ...

ҚОРҚАУЛАР

...Елді қарық қылмай, сананы сансыратқан нарық заманы қысқан сәтте,...

Риэлторы

Эта драматическая история произошла осенью в начале 2000-х. Группа...

САБЫР ИЗ «УБОЙНОГО»

ВЫСТРЕЛ У ПОДЪЕЗДА Время на панели автомобиля высвечивало 05.10,...