Қаңтар оқиғасы: Алматы облысы бойынша ҰҚКД экс-басшысына қатысты сот үкімі шықты

Алматы облысы бойынша ҰҚКД экс-басшысына қатысты сот үкімі шықты: ол алты жылға бас бостандығынан айырылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Талдықорған қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Сот мәліметінше, К. Алматы облысы ҰҚКД бастығы бола тұра, өзінің лауазымдық өкілетін асыра пайдалана отырып, 2022 жылғы 5 қаңтардағы оқиғаларды ескере келе, өзінің лауазымдық міндеттерін елемей, жеке құрамға департамент ғимаратын қорғау жөнінде шаралар қолданбауға; әкімшілік ғимараттан кетуге; қызметтік және құпия құжаттаманы жоюға және тұрғылықты жерлеріне тарауға заңсыз бұйрық берген, оның салдары кейін ҰҚКД ғимаратын басып алуға әкеліп соқтырды («құпия» деген белгіге байланысты басқа мән-жайларды жария ету мүмкін емес)», — деп хабарлады Талдықорған сотының баспасөз қызметі.

Сот үкімі бойынша, К. 362-баптың 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және оған 10 жыл мерзімге құқық қорғау органдарында белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалғаны нақтыланады.

«Қазақстан Республикасының Президентіне К.-ге қатысты Ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағынан және мемлекеттік наградалар мен ордендерден айыру туралы ұсыныс енгізілді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ», — делінген Талдықорған сотының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Создаются «Команды развития села»

КАЗАХСТАНСКОЕ СЕЛО ДОЛГОЕ ВРЕМЯ ОСТАВАЛОСЬ МЕСТОМ, ГДЕ ГОСУДАРСТВЕННАЯ ПОМОЩЬ...

В поддержку людей с особыми потребностями 

С 1 ЯНВАРЯ 2025 ГОДА В КАЗАХСТАНЕ ВВЕДЕНО ОБЯЗАТЕЛЬНОЕ...

Искусственный интеллект и новые формы мошенничества

РАЗВИТИЕ ЦИФРОВЫХ ТЕХНОЛОГИЙ, КОТОРОЕ СУЩЕСТВЕННО РАСШИРИЛО ВОЗМОЖНОСТИ КОММУНИКАЦИИ, ПОЛУЧЕНИЯ...

О безопасности и правах стражей порядка

ЗА КАЖДЫМ ТРЕБОВАНИЕМ ПОЛИЦЕЙСКОГО ОСТАНОВИТЬ АВТОМОБИЛЬ, ПРЕКРАТИТЬ ДРАКУ ИЛИ...

Қазақ тілі қандай тіл?

Ана тіліміздің жанашыры А.Байтұрсынұлының: «Қазақ тілі – ең жетілген,...