Қаңтардағы ҰБТ-да қанша түлек шекті балл жинады?

Қаңтардағы ҰБТ-ны 123 мың адам тапсырды. Олардың 102 мыңы шекті 50 балды жинады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қаңтардағы тестілеуді 123 мыңға жуық адам тапсырды. Олардың ішінде ЖОО-ға шартты негізде қабылданғандар, шығармашылықтан басқа дайындық бағыттарына, педагогикалық бағытқа ақылы негізде ауысқысы келетіндер, сондай-ақ мектеп бітіретін түлектер бар. Талапкерлердің 95 мыңы (77 пайыз) қазақ тілінде, 28 мыңы (23 пайыз) орыс тілінде, 91 адам ағылшын тілінде тапсырды. Қаңтар тестілеуіне ерекше оқу қажеттіліктері бар 274 бала қатысты.

Тестілеу қорытындысы бойынша 102 мыңға жуық талапкер шекті балл (50) жинады, бұл қатысушылардың жалпы санының 83 пайызын құрайды. Ал 21 мыңнан астамы (17 пайыз) шекті балл жинай алмады», — деді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев Орталық коммуникациялар қызметінде.

Жалпы ҰБТ орташа балы 76 балды құрады. Ең жоғары балл — 139, оған Қазақстан бойынша 5 талапкер қол жеткізген.

Емелбаев ҰБТ аяқталған соң постмониторинг жүргізілетінін ескертті.

«Барлық бейнежазбаға талдау жасаймыз. Егер тыйым салынған заттарды пайдалану деректері анықталса, сертификат жойылады», — деді ол.

Служба пробации Жетысуского района Алматы усилила профилактическую работу в рамках ОПМ «Безопасный дом»

В рамках оперативно-профилактического мероприятия «Безопасный дом» сотрудники службы пробации...

Атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау

Қазақстан Республикасында атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау, азаматтардың...

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына кедергі келтіретін қауіпті құбылыс

Қоғамның өркендеуі мен мемлекеттің тұрақты дамуы заң үстемдігіне, әділдікке...

Ұлттық жоба аясында жеті қалада кәріз-тазарту құрылысы салынуда: министрлік басты мәселелерді атады

Елімізде кәріз-тазарту құрылыстарының жай-күйі мәз емес. Кейбірінің тіпті әбден...