Қақпа алдында кездесу іс-шарасы өтті

Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті«№13 мекеме» республикалық мемлекеттік мекемесінен өтелмеген жаза мерзімі неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстыруына байланысты «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жоба аясында шығарып салу шарасы өтті.

«Қақпа алдында кездесу» аясында босатылатын сотталғанның денсаулық жағдайы, білім деңгейі, жұмыспен қамтылуын, тұрғылықты жерінің болуы, сондай-ақ оған көрсетілетін әлеуметтік-құқықтық көмектің көлемін анықтау үшін қажетті мәліметтер, жеке тұлғасын зерттеу жұмыстары жүргізіледі.

Босатылушы сотталған Р. Табинға босатылғаннан кейінгі тұрмыстық және жұмысқа орналасуы жөнінде құқықтары мен міндеттері, босатылғаннан кейінгі жұмысқа орналасуы үшін керекті құжаттар тізімі, жұмыспен қамту бөлімінің мекенжайы көрсетілген жаднама беріледі.

Сонымен қатар,  босатылушы Р. Табин мекеме әкімшілігіне алғысын айтып, ризашылығын білдірді.

Бас бостандығынан айыру органдарында жаза өтеушілердің тағдырына немқұрайлы көзқарас болмауы қажет. Есесіне, оларға қоғамымыздың толыққанды мүшесі ретінде қарап, жазасын өтеп босағанан кейін еліміздің әрбір саналы азаматы мен мемлекеттік органдар тарапынан да жаңа өмірге бейімделуіне қолдау көрсетуіміз қажет.

Сотталғандардың әлеуметтік және тұрмыстық орналасуына әрдайым ерекше назар аударып, оны нақты жүзеге асыру баршамыздың ортақ абыройлы міндетіміз болып табылады.

Мекемеменің заңгер маманы 

К. К. Абдуллаева

Патриот, ученый, учитель

(к 99-летию со дня рождения академика Султана Сартаева)  15 октября...

Пуля и Геля спасают жизни 

25 ЛЕТ РУКОВОДИТЕЛЬ КИНОЛОГИЧЕСКОГО ОТДЕЛЕНИЯ ОПЕРАТИВНО-СПАСАТЕЛЬНОГО ОТРЯДА ДЕПАРТАМЕНТА ПО...

Эффект NPC: Как видеоигры меняют сознание убийц

В 2025 ГОДУ В ШКОЛЕ БАНДАРУТАМА (МАЛАЙЗИЯ) 15-ЛЕТНИЙ ПОДРОСТОК...

Правовая модель циркулярной экономики

СЕГОДНЯ ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ ПОЛИТИКА УЖЕ НЕ МОЖЕТ ОГРАНИЧИВАТЬСЯ ВОПРОСАМИ ВЫВОЗА,...

Между сервером и законом

МАСШТАБНЫЙ СБОЙ В РАБОТЕ СЕРВИСОВ «ЯНДЕКСА» И ФАКТЫ УТЕЧКИ...