12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«Қауіпсіз қала» жедел-профилактикалық алдын алу іс-шарасы

Қолданыстағы қылмыстық-атқару заңнамасына сәйкес қылмыстық-атқару жүйесінің алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің басқа да шараларын атқару мен өтеудің тәртібі мен шарттарын реттеу, сотталғандарды түзеу құралдарын анықтау, олардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сотталғандардың әлеуметтік бейімделуіне жәрдемдесу болып табылады. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес және де өзара іс-қимылдарының тиімділігін арттыру мақсатында  әкімшілік учаскелерде «Қорғау нұсқамасы», «ерекше талап», «алкоголик», «нашақор», «қолайсыз отбасы» санаттары бойынша есепте тұрған адамдар мен кәмелетке толмағандар арасында қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды профилактикалау бойынша рейдтік іс-шаралар өткізіліп, оның ішінде олардың тұрғылықты мекенжайлары бойынша тексерумен қамтылды, құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ халық арасында ішкі істер органдарының имиджі мен беделін арттыру бойынша шараларды күшейту мақсатында ағымдағы жылдың қараша айының 20 мен 30 аралығында Медеу ауданында ««Қауіпсіз қала» жедел-профилактикалық алдын алу іс-шарасын өткізу  мақсатында 27.11.2023 жылы Медеу ауданы бойынша пробация қызметі Медеу аудандық ІІБ учаскелік полиция инспекторларымен жәнеде сотталғандардың өздерінің қатысуымен кеңес өтті, осы кеңесте қайталап қылмыс жасауға жол бермеу туралы мәселелер мен оларды болдырмау жолдары қаралды. Қылмыс пен қоғамдық тәртіпті бұзу, қайталап қылмыс жасау, әкімшілік құқық бұзушылық және бақылаудан жасырынудың салдары талқыланды. Сотталғандармен толық профилактикалық әңгімелесулер жүргізілді, жазасын өтеу тәртіптері мен сотпен анықталған міндеттер және оларды бұзудың салдары қосымша түсіндірілді.  Іс-шараның мақсаты – қоғамнан оқшаулауға  байланысты емес жазаға сотталған тұлғалардың тарапынан жасалуы мүмкін болатын қайта құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасаудың алдын-алу, жолын кесу болып табылады.

Жалпы, осы жоғарыда аталған жедел іс-шаралары есепте тұрған сотталғандарды қатаң бақылауға алып, қайта қылмыс жасауына жол бермей, сотталғандарды оң жолға бағыттайды. Іс-шара барысында есепте тұрған тұлғаларға қатысты бас бостандығын шектеу жазасы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы 4 ескерту шығарылып, 2 материал сотқа жолданды.

Алматы қаласы Медеу аудандық пробация қызметі

Қазақстан Республикасында істерді дайындау және оларды апелляциялық сотқа беру

            Апелляциялық іс жүргізу — бұл бірінші сатыдағы соттың сот актілерін (шешімдерін, ұйғарымдарын, қаулыларын)...

Әдеп кодексінің талаптарын сақтау міндет

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік қызметшілерге қатаң талап пен жауапкершілік жүктейді. Мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кодексінің талаптарын, сондай-ақ, заңмен белгіленген...

Самый ценный ресурс – здоровье граждан

Парк службы скорой медицинской помощи г. Шымкента пополнился 30...

Личное поручительство в уголовном процессе

В целях обеспечения необходимых условий для успешного расследования и...

Искусственный интеллект и право

ИСКУССТВЕННЫЙ ИНТЕЛЛЕКТ АКТИВНО ВНЕДРЯЕТСЯ В РАЗЛИЧНЫЕ СФЕРЫ ЧЕЛОВЕЧЕСКОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ,...