12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған заңдарға қол қойды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған заңдарға қол қойды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісітАқорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына Қазақстан Республикасындағы әкімшілік реформа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасындағы әкімшілік реформа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», — делінген Жралықта.

Заңдар орталық мемлекеттік органдардың өкілеттерін орталықсыздандыру арқылы мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған.

«Атап айтқанда, Үкіметтің құрылымдық және инвестициялық саясатты іске асыру, мәдениетті, білім беруді, денсаулық сақтауды, туризмді және спортты дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыру, сондай-ақ премьер-министр кеңсесінің мемлекеттік аппаратқа қайта құрылуына байланысты құзыреті; т.б. алынып тасталады.

Заң орталық мемлекеттік органдардан жергілікті атқарушы органдарға жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге бағытталған 21 функцияны береді», — делінген Сенат сайтында.

На грани безработицы

ПАРЛАМЕНТАРИИ ПРЕДУПРЕДИЛИ О РИСКАХ РОСТА БЕЗРАБОТИЦЫ И УСИЛЕНИЯ СОЦИАЛЬНОГО НАПРЯЖЕНИЯ В СЕЛЬСКОЙ МЕСТНОСТИ В СВЯЗИ С ИЗМЕНЕНИЯМИ ПОРЯДКА ОРГАНИЗАЦИИ ОПЛАЧИВАЕМЫХ ОБЩЕСТВЕННЫХ РАБОТ.

Перизат Қайрат колонияда жұмыс істей ме?

Жарты жыл бұрын Перизат Қайрат алаяқтық қылмысына байланысты 10 жылға сотталды.

2029 жылғы қысқы Азия ойындары Алматыда өтеді

Алматы қаласы 2029 жылы өтетін қысқы Азия ойындарының ресми ұйымдастырушысы болып бекітілді.

Астанада оқушылар түстен кейін онлайн оқитын болды

Бұл туралы қаланың білім басқармасы мәлімдеді.

Ерлан Өтегенов Бас прокурордың орынбасары болып тағайындалды

Ерлан Өтегенов Бас прокурордың орынбасары лауазымына тағайындалды,