spot_img
spot_img

Қарыз шарты бойынша туындайтын дауларға не себеп?

Қарыз шартынан туындайтын даулар аз емес. Оған көбінесе азаматтардың құқықтық сауатының кемдігі мен құжатқа немқұрайды қарауы, сенгіштігі себеп болып жатады.  Сонымен қатар, азаматтардың сенімге қиянат жасауы, пайдакүнемдігі де мұндай дауларға түрткі болады.

Қарыз даулары орын алып, соттасып жүрмес үшін шарт жасауға көңіл бөлу керек. Ақша, пайда жүрген жерде «танысым, жақыным еді, сондықтан қарызды шартсыз бердім» деген дұрыс емес. Шарт – екі немесе бірнеше тұлға арасында жасалатын мәміле. Ол жазбаша немесе ауызша жасалып, тараптар оны орындауға міндеттеледі. Өйткені, Азаматтық кодекстің 272-бабында міндеттеменің шарт пен заң талабына сәйкес орындалуы тиіс екені  көрсетілген. Егер азаматтар осы міндеттемені талапқа сай орындағанда, қарызын даулап сот табалдырығын тоздырып жүргендер аз болар еді.

Азаматтық кодекстің 148-бабының 3-тармағында шарт жасасу үшiн екi тараптың (екiжақты мәмiле) не үш немесе одан да көп тараптың (көпжақты мәмiле) келiсiлген ерiк бiлдiруi қажет. Яғни келісім жасасатын тараптардың құқығын бұза отырып, еркінен тыс немесе дәрменсіз күйде шарт жасасуға тыйым салынады. Ал осы нормаға қайшы келетін кез келген шарт жарамсыз болып табылады. Заңдармен немесе тараптардың келiсiмiмен жазбаша (жай не нотариалдық) немесе өзге белгiлi бiр нысан белгiленбеген мәмiле, атап айтқанда, олар жасалған кезде атқарылатын мәмiлелердiң бәрi ауызша жасалуы мүмкiн.  Өкінішке орай, сотқа арызданғандардың бір бөлігі қарыз үшін шарт жасамай, бір-біріне ауызша сөз беріп, міндеттемені орындамағандықтан сенделіп жүр. Бұрынғы қазақы қоғамда «Уәде – Құдай сөзі» дейтін. «Уәде бұзған оңбайды» деген көпшілік сөзінде тұруға, айтқан межесінен көрінуге тырысатын. Ал кейінгі кезде сөздің, уәденің қадірі қалмай барады.

Ауызша шарт бойынша дауды шешу сотта үлкен қиындық келтіреді. Сот нақты дәлел, айғақтарға сүйеніп шешім шығарады. Себебі нақты дәлелдің болмауы соттардың істі шешуін қиындатады. Осы ретте уәде мен берілген анттың қағазға тіркелмейтіні, айғақ ретінде қабылданбайтыны түсінікті. Сондықтан мейлінше кез келген мәмілені жазбаша нысанда жасаған тиімді. Сондай-ақ, азаматтық заңнама бойынша куәгерлік айғақтармен мәміленің жасалғанын растауға болмайтыны да қаперде ұсталуы тиіс.

Мәміле жасалатын соманың шегі де Азаматтық кодексте нақтыланған. Соған орай бір жүз айлық есептік көрсеткіштен жоғары сомаға жазбаша түрде шарт жасалуы керек екені дәйектелген. Биылғы жылы бір айлық есептік көрсеткіш 3450 теңгені құрайды. Сәйкесінше қарыз үш мың төрт жүз елу мың теңгеден асқанша жазбаша шарт дайындаған абзал.

Бүгінде соттар қолхат, нотариалды куәландырылған шарт және банктік қарыз шарттарынан туындайтын дауларды жиі қарап отыр. Ал мұндай даулармен азаматтар бетпе-бет келіп, уақытын, қаржысын, жүйкесін жоғалтпау үшін құқықтық сауатты арттыратын шараларды қолға лағна маңызды.

А.Абишева,

Алматы қаласы

Медеу аудандық сотының судьясы

Заң мен тәртіпті сақтау — жалпыға ортақ міндет

Заңның үстемдік құруы барлық мемлекет үшін басты құндылық саналады. ...

Кәсіпкер егіз қыздардың жұбын жазбай, арман мектебіне бірге оқуға түсуге көмектесті

Айым және Гүлім Орынбасар – Түркістан облысының Қазығұрт ауылында...

АҚШ-тың үздік жақ-бет реконструктивті-пластикалық хирургтары Алматыда балаларға ота жасайды

Алматыда Қазақстандағы Америка Сауда Палатасының (AmCham) гуманитарлық медициналық миссия...

Қазақстандық оқушылар Таиландтағы әлем чемпионатында ел намысын қорғады

2025 жылдың 29 маусымы мен 3 шілдесі аралығында Таиландтың...