Қарызын қайтару үшін бөтелкелесінің ақшасын ұрлаған тұрғын анықталды

Түлкібас аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғындардың бірі ақшасы ұрланғаны жөнінде шағымданды. Жәбірленуші өз арызында үйіне келген танысы, 100 000 теңгесін жымқырып, қашып кеткенін жеткізді. Оқиға орнына шыққан жедел-тергеу тобы қажетті іздестіру жұмыстарын жүргізді.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде полицейлер күдікті, Түлкібас ауданының тұрғынын анықтады. Белгілі болғандай, екі таныс бірге ішімдік ішкен.
Нәтижесінде күдікті жәбірленушінің қаражатын қарызын қайтару үшін байқатпай ұрлап кеткен. Айғақты зат ретінде ұрланған ақшаның бір бөлігі тәркіленді.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі «Ұрлық» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіледі.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Азаматтық істердегі эксаумақтық соттылық: сот төрелігінің тиімділігін арттыру тетігі

Қазіргі таңда азаматтық-құқықтық қатынастардың кеңеюі мен қоғамның цифрлануы сот...

БАЛА ТҰЛҒАСЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГ КӘСІБИЛІГІНЕ АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

Бүгін Абай университетінде «Бала тұлғасы және педагог кәсібилігі: мектепке...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КӨШПЕНДІЛЕР ӨРКЕНИЕТІН ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Абай университетінде «Көшпенділік – мәдениет пен өркениет түрі: заманауи...

«ЗАКОНЫ НЕ РАБОТАЮТ»: УДОБНЫЙ МИФ ИЛИ ГОРЬКАЯ ПРАВДА? 

ЕСТЬ ФРАЗА, КОТОРУЮ В КАЗАХСТАНЕ МОЖНО УСЛЫШАТЬ ПОЧТИ В...