Қарыздары бар сотталғандар мекемеде өз кәсібін ашып отырған кәсіпкерлерге жұмысқа орналастырылады

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №60 мекемесінің сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімшесінің қызметкерлері таңертең сотталғандарды бір сапқа жинап, мекеменің өндірістік аймағына жұмысқа шығарады. Бірінші кезекте атқару парақтары бар, яғни мемлекетке және жеке тұлғаларға қарыздары бар сотталғандар мекемеде өз кәсібін ашып отырған кәсіпкерлерге жұмысқа орналастырылады.
«ҚР – ның Президенті әкімшілігі басшысының 15.07.2013 жылғы №1126-2 ІІБ санды «Сотталғандардың кәсіби даярлық деңгейін арттыру бойынша» тапсырмасының негізінде, түзеу мекемесіндегі жазасын өтеуші сотталған азаматтарды арнайы кәсіптік білім алу мақсатында, түзеу мекемесінде орналасқан кәсіптік-техникалық колледжі сотталғандарға түрлі мамандықтағы кәсіптік білім беру бағыты бойынша 2013 жылдан бастап жұмыс атқарып келеді» — дейді сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімшесінің бастығы әділет капитаны Қалиев Бағлан.
Сондай-ақ, бас бостандығынан айырылған азаматтардың бұл еңбегі – тәрбиелік ықпалмен қатар, жазаны міндеттеушінің бірі. Жазасын өтеушілерді еңбекке тарту негізінде қылмыс жасаған кезде келтірілген шығындары мен зардаптарының орнын толтыру міндеттілігі де жатыр. Осы себептермен жыл басынан бері шаруашылық бөліміне қалдырылған оннан астам сотталған сот белгілеген шығындарын айлық жалақысынан ұстау барысында толықтай өтеп, төлеп шықты.

Адина Жомартқызы
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Абай облысы бойынша ҚАЖД орташа қауіпсіздік мекемесінде жазғы спартакиаданың салтанатты жабылу рәсімі өтті

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің орташа қауіпсіздік мекемесінде...

Торжественное закрытие летней спартакиады состоялось в учреждении средней безопасности ДУИС по области Абай

В учреждении средней безопасности Департамента уголовно-исполнительной системы по области...

Түлектер шеруі – 2026

2026 жылғы 26 маусым күні Атырау облысы бойынша ҚАЖД...

Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде Ұлттық домбыра күні аталып өтті

Ұлттық домбыра күні қарсаңында Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың қауіпсіздігі...

Сотталғандар арасында өткен жазғы спартакиаданың салтанатты жабылу рәсімі өтті

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары...