Қарағандыда балалардың жаппай улануы: кінәлілерге қандай жаза қарастырылған?

Қарағандыдағы Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығында балалардың жаппай улану оқиғасын облыстық прокуратура тергеп жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бас прокуратура Tengrinews.kz ресми сауалына берген жауабында қылмыстық іс санитарлық нормаларды бұзу бабы бойынша тергеліп жатқаны айтылған.

«Қарағанды ​​облысының прокуратурасы Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығына қатысты балалардың улануы бойынша Қылмыстық кодекстің 304-бабы 3-бөлігі «Санитарлық ережелерді немесе гигиеналық нормаларды бұзу» бойынша соталды тергеу жүргізіп жатыр», — делінген

Қылмыстық кодекстің 304-бабы 3-бөлігінде үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Бұл жаза, егер кінәлінің әрекеті екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқса, қарастырылады.

«Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объектив тергеуді қамтамасыз етуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», — деп қосты Бас прокуратура.

Еске салайық, тамызда орталықта 12 бала уланып, ауруханаға түскен. Сол кезде бір бала қайтыс болды, кейінірек орталықтың тағы бір тәрбиеленушісі ауруханада көз жұмды.

Бүгін Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді

23 наурыз – Тазару күні аясында Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді.

Бүгін барлық өңірде дауылды ескерту жарияланды 

"Қазгидромет" 23 наурызға арналған дауылды ескерту жариялады. Синоптиктер Астана, Шымкент қалаларында, 16 облыста, сондай-ақ Алматы тауларында қауіпті ауа райы құбылыстары күтілетінін ескертті.

Иран әуе кеңістігін жабу мерзімін ұзартты 

Иран билігі елдің әуе кеңістігіндегі ұшуларға қойылған тыйымды 29 наурызға дейін ұзартты.

Дәстүрдің экологиялық бейнесі: Алматыда қайта өңделген материалдардан жасалған ер-тоқым көрсетілді

Алматыдағы «Атакент» көрме орталығы алдындағы алаңда Бостандық ауданы әкімдігінің қолдауымен Funk креативті агенттігі ұйымдастырған «Наурыз Береке Мереке» атты ауқымды фестиваль өтті.

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады 

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады