Қарағандыдағы қайғылы оқиға үшін Лакшми Миттал жазалана ма?

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтан Костенко шахтасындағы 46 кеншінің қазасы үшін кәсіпкер Лакшми Миттал қандай жазаға тартылатыны сұралды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Журналистер «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының басшысы, үндістандық кәсіпкер Лакшми Миттал Костенко шахтасындағы қайғылы оқиға үшін қалай жазаланатынын сұрады.

«Өздеріңіз білесіздер, нарықта сатылатын бас компания — «АрселорМиттал» осының салдарынан айтарлықтай шығынға ұшырады. Біріншіден, дүйсенбіде компанияның сатылымы 5,5 пайызға төмендегенін айтқым келеді.

Ол 21 миллиардтан 20 миллиард долларға дейін төмендеді, яғни «Арселор» қазір болып жатқан жағдайға байланысты кем дегенде миллиард доллар жоғалтты. Бұл бірінші кезекте Қазақстандағы қайғылы жағдайға байланысты. Сондықтан, егер жауапкершілікке тарту керек деп айтатын болсақ, экономикалық жауапкершілік қазірдің өзінде басталды», — деді Шарлапаев.

Заңды жауапкершілікке қатысты министр Қазақстан заңнамасы мен халықаралық құқық нормаларына сүйену керек екенін атап өтті.

«Осындай жағдайда осы мәселемен айналысатын және тиісті тексеру жүргізіп, оны Қазақстан заңнамасына сәйкес нәтижеге жеткізетін құзырлы органдар бар екеніне сенімдімін», — деп түйіндеді министр.

Алматыдағы кісі өлімімен аяқталған ірі жол апаты: Қазақстандықтар ашық сотты талап етуде

Жол апатынан 3 адам қаза тапты. Алматыда әл-Фараби даңғылында болған...

Қазақстанда жаңа арзан ипотека бағдарламасы іске қосылады

Жеңілдетілген ипотека бағдарламасы Қазақстанда негізгі салалардың бірінің өкілдеріне арналған. Үкімет...

Атыраудағы түрмеде төбелес шыққан: сотталғандардың бірі көз жұмды

Атыраудағы түзеу мекемесінде сотталғандар арасында жанжал шығып, салдарынан бір...

Қандай жағдайда көлік айдап келе жатып телефон ұстауға болады? ІІМ түсіндірді

Қазақстанда жүргізушілерге рөлде отырып телефон қолдануға болмайтыны ескертілді, -...

Бүгін Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді

23 наурыз – Тазару күні аясында Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді.