Қапастағылар да дауыс берді

Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конститутциялық заңға сәйкес, үкімі заңды күшіне енбеген тергеу изоляторында ұсталынатын кәмілетке толған азаматтардың жалпыға бірдей сайлау құқығы бар.

Осыған орай,19- наурыз — Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы күні Қылмыстық атқару саласы Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасы 68 мемлекеттік мекемесінде қамауда отырған 164 азамат сайлауға қатыстырылып,өз таңдауын жасады.

Бұл мекемеде 235 жабық сайлау учаскесі орналасқан. Жауапты маманның айтуынша, тергеу изоляторында, ұрлық, бұзақылық, сыбайлас жемқорлық пен алаяқтық қылмыстары бойынша тергеліп жатқан тұлғалар отыр.

Олар таңғы сағат 7:00-ден бастап мекеме қызметкерлерінің қадағалауымен топ-топпен келіп дауыс берді. Бұл уақытта мекемеде қауіпсіздік шаралары күшейтіле түсті. Таңдау жасау барысында дауыс берушілердің әрекетін бақылаушылар жіті қадағалады, — деді жабық учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы.

Айта кететін жағдай, дауыс берушілердің арасында 15 әйел азаматша бар. Жаза басып,қылмысқа тартылған тергеудегі бұл азаматшалар, елдің болашағына алаңдап, өз таңдауларын дұрыс жасап, дауыс беру орнына өзге азаматтардан бұрын ертерек келіп, белсенділік танытты.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...