Қазақстанда қанша адамның өз үйі бар?

«Азаматтарға арналған үкімет» жылжымайтын мүліктері бар қазақстандықтар туралы мәліметті ұсынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Tengrinews.kz ресми сауалына берген жауабында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ берген ақпаратқа сәйкес, Қазақстанда 6 миллион 435 мың 175 жеке тұлғаның жеке меншік құқығында бір тұрғын үйі (пәтері немесе жеке үйі) бар екенін хабарлады.

Қазақстанда 20 миллионнан аса адам тұрады. Соңғы санақ бойынша, елде 6,6 миллион бала бар.

Осылайша, елімізде жеке баспанасы жоқ қазақстандықтардың саны шамамен 6,9 миллион адам болады. Бұған олармен бірге тұратын, бірақ тұрғын үйге иелік етуде үлесі жоқ жылжымайтын мүлік иелерінің жұбайлары да кіреді.

Елімізде барлығы 7 миллион 259 мың 231 жылжымайтын мүлікке құқық тіркелген. Олардың ішінен:

  • 944 мың 849 азаматта 2 жылжымайтын мүлік бар;
  • 286 мың 502 азаматтың 3 және одан да көп жылжымайтын мүлкі бар;
  • оның ішінде 1669 азаматтың 10-нан аса жылжымайтын мүлікі бар .

Кәмелетке толмағандардың есебінде 91 мың 534 жылжымайтын мүлік нысаны бар екені хабарланды.

«Сонымен қатар, ақпараттық жүйеде жылжымайтын мүлікке меншік құқығын тіркеген азаматтар бойынша ғана мәліметтер бар екенін хабарлаймыз. Сондай-ақ, жылжымайтын мүліктің құқықтық кадастрында «Экономикалық белсенді халық» критерийі бойынша ақпарат жоқ екенін хабарлаймыз», — деп қорытындылады компания.

Бүгін Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді

23 наурыз – Тазару күні аясында Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді.

Бүгін барлық өңірде дауылды ескерту жарияланды 

"Қазгидромет" 23 наурызға арналған дауылды ескерту жариялады. Синоптиктер Астана, Шымкент қалаларында, 16 облыста, сондай-ақ Алматы тауларында қауіпті ауа райы құбылыстары күтілетінін ескертті.

Иран әуе кеңістігін жабу мерзімін ұзартты 

Иран билігі елдің әуе кеңістігіндегі ұшуларға қойылған тыйымды 29 наурызға дейін ұзартты.

Дәстүрдің экологиялық бейнесі: Алматыда қайта өңделген материалдардан жасалған ер-тоқым көрсетілді

Алматыдағы «Атакент» көрме орталығы алдындағы алаңда Бостандық ауданы әкімдігінің қолдауымен Funk креативті агенттігі ұйымдастырған «Наурыз Береке Мереке» атты ауқымды фестиваль өтті.

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады 

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады