Қандай шағын несие банкроттық рәсімінсіз кешірілуі мүмкін?

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі микронесиелерді электрон түрде берудің қолданыстағы ережелеріне өзгертулер енгізу туралы бастама көтерді. Құжаттың жаңа редакциясына сәйкес, қазақстандықтардың атынан алаяқтар алған шағын несиелер кешіріледі, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Атап айтқанда, егер сот клиенттің өз атына берілген шағын несиені алмау дерегін анықтаса, онда оны берген ұйым 15 жұмыс күні ішінде міндетті:

  • клиенттің осы шағын несие бойынша берешегін есептен шығару туралы шешім қабылдау;
  • кредиттік бюроларда клиенттің кредиттік тарихына түзетулер енгізуге, оған осы микрокредит бойынша берешегінің жоқтығы және ол бойынша мерзімі өткен күндердің саны туралы ақпарат жіберуге;
  • клиентке бұрын өндіріп алынған немесе өзі өтеген қарыз сомасын қайтару.

Бұл ретте, егер сот алаяқтар клиенттің атына өз кінәсінен несие алғанын анықтаса, микроқаржы ұйымдары клиенттен оған берілген шағын несие бойынша берешегін өтеуді талап ету құқығын сақтайды.

Микрокредиттерді электрон түрде беру ережелерімен Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінің веб-сайтында таныса аласыз.

Бүгін Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді

23 наурыз – Тазару күні аясында Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді.

Бүгін барлық өңірде дауылды ескерту жарияланды 

"Қазгидромет" 23 наурызға арналған дауылды ескерту жариялады. Синоптиктер Астана, Шымкент қалаларында, 16 облыста, сондай-ақ Алматы тауларында қауіпті ауа райы құбылыстары күтілетінін ескертті.

Иран әуе кеңістігін жабу мерзімін ұзартты 

Иран билігі елдің әуе кеңістігіндегі ұшуларға қойылған тыйымды 29 наурызға дейін ұзартты.

Дәстүрдің экологиялық бейнесі: Алматыда қайта өңделген материалдардан жасалған ер-тоқым көрсетілді

Алматыдағы «Атакент» көрме орталығы алдындағы алаңда Бостандық ауданы әкімдігінің қолдауымен Funk креативті агенттігі ұйымдастырған «Наурыз Береке Мереке» атты ауқымды фестиваль өтті.

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады 

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады