Қайрымдылық жасау адамгершілік белгісі

Пробация қызметінің құрылғанына да көп уақыт бола қойған жоқ. Осы қызметтің қызметкерлері жұмысқа кіріскен кезден бастап халықтың ыстық ықыласы мен алғысына бөленіп келеді. Осындай алғысқа бөленген Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Кентау қалалық пробация қызметкерлері. Кентау қалалық жұмыспен қамту орталығы мен пробация қызметкерлері бірлесіп есепте тұрған жағдайы төмен отбасыларға көмек ретінде азық-түлік таратты.

Адамға жақсылық жасау, қайырымдылық көрсету – халқымыздың мақтан етерлік дәстүрлерінің бірі. Бұл дәстүр қазақ тіршілігінде түрліше іске асып отырған. Қайырымдылық – адамгершілік белгісі.  Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы – жомарттық, кең пейілділік. Ол адамға қызмет қылып, жақсылық жасауға пейілді жанға тән сипат. Жомарт болу – өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу. Осыған орай Кентау қалалық пробация бөлімінің қызметкерлері мен жұмыспен қамту орталығының ұжымы пробация есебінде тұрған жағдайы төмен 3 отбасыға азық-түлікпен қамтамасыз етті.

— Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам басады. Қайырымдылық жасауды қаржылай көмек көрсету ғана деп ұқпау керек. Сөзбен де, іспен де, басқа жолдармен де қайырымдылық жасау – борышымыз. Жақсылық жасау қолыңнан келіп тұрса, қуаныш сыйлауға мүмкіндігің жетіп тұрса неге қол ұшын созбасқа?! Пробация қызметі есебінде тұрған жағдайы төмен отбасыларға қолымыздан келгенше көмек қолын созуға тырысамыз. Себебі, олар көмекке мұқтаж. Осылай көмек көрсету арқылы сотталғандарды қоғамға араласуға бейімдейміз. Осындай қайрымдылық шарасы осымен тоқтап қалмайды. Алдағы уақытта да игі істер жасау жоспарда бар, – деді Кентау қалалық пробация қызметінің аға инспекторы әділет капитаны Ғалым Бердишев.

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін қауіпті құбылыс

Сыбайлас жемқорлық – бүгінгі қоғамдағы ең өзекті мәселелердің бірі....

Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету барысында туындайтын жүйелі мәселелер қалай шешілуде?

«Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан...

Deepfake дәуірі: Синтетикалық аккаунттар

Бұрын әлеуметтік желідегі парақша артында нақты адам отырады деп...

Столкнулись с проблемами при получении государственной услуги?

В целях защиты прав граждан и повышения качества оказания...

Мемлекеттік қызмет алу барысында қиындықтарға тап болдыңыз ба?

Азаматтардың құқықтарын қорғау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру...