Қайрат Сатыбалдыға қатысты тағы бір іс тергеліп жатыр — Антикор

Кәсіпкер Қайрат Сатыбалдыға қатысты тағы бір іс тергеліп жатыр. Ол салықтан жалтарды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Антикордың ресми өкілі Арман Тілеукенов айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Бүгінде Қайрат Сатыбалдыға қатысты Қылмыстық кодекстің 218-бабы 3-бөлігі («Қылмыстық жолмен алынған кірістер және заңсыз ақшадан түскен пайданы жылыстату») бойынша соталды тергеу аяқталды. Қайрат Сатыбалды түрлі мүлікті, оның ішінде шетелде де мүлік сатып алған. Ол Қазақстандағы және шетелдегі банктерден ақша алған. Қазір бұл іс сотта қаралып жатыр. Сондай-ақ, салықтан жалтару фактісі бойынша тағы бір соталды тергеу жалғасып жатыр. Жаңа ақпарат болса, біз оны  жариялаймыз», — деді ресми өкіл.

Оның айтуынша, Қайрат Сатыбалды тиесілі болған барлық актив бұғатталған.

«2022 жылдан бері қылмыстық істер аясында 912 млрд теңгенің активі мемлекетке қайтарылды. 2023 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша бұл сома 850 миллиард теңге болды. Оның 650 миллиард теңгесі Қайрат Сатыбалдыға тиесілі», — деді Антикордың ресми өкілі.

Еске салайық, кәсіпкер Қайрат Сатыбалдының ісі Астана қаласы Байқоңыр аудандық №2 сотында қаралған еді. Ол кінәлі деп танылып, 6 жылға сотталған болатын.

Аяз Есен

Бүгін Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді

23 наурыз – Тазару күні аясында Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді.

Бүгін барлық өңірде дауылды ескерту жарияланды 

"Қазгидромет" 23 наурызға арналған дауылды ескерту жариялады. Синоптиктер Астана, Шымкент қалаларында, 16 облыста, сондай-ақ Алматы тауларында қауіпті ауа райы құбылыстары күтілетінін ескертті.

Иран әуе кеңістігін жабу мерзімін ұзартты 

Иран билігі елдің әуе кеңістігіндегі ұшуларға қойылған тыйымды 29 наурызға дейін ұзартты.

Дәстүрдің экологиялық бейнесі: Алматыда қайта өңделген материалдардан жасалған ер-тоқым көрсетілді

Алматыдағы «Атакент» көрме орталығы алдындағы алаңда Бостандық ауданы әкімдігінің қолдауымен Funk креативті агенттігі ұйымдастырған «Наурыз Береке Мереке» атты ауқымды фестиваль өтті.

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады 

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады