12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ҚазҰУ ұстаздарының жеңісі (ҚазҰУ- QS WUR бойынша әлемнің ең үздік 200 университет тізімінде)

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – әр қазақ үшін аяулы мекен. Мұнда талай жақсылардың ізі қалған, талай қазақ білім алған, талай адам арманымен кездескен, мақсатына жеткен. Бұл оқу орнының бары мен жоғы қазақ білімінің де бары мен жоғына айналып шыға келетіні де жасырын емес.

ҚазҰУ – №1 университет! Он жылдан астам уақыт бойы академиялық рейтинг және халықаралық обсерватория (IREG) сарапшылары мақұлдаған ұлттық рейтингте көшбасшы орынға ие болды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО-ның, сондай-ақ сарапшылар мен жұмыс берушілердің ғылыми-білім беру қызметінің кең спектрін көрсететін барлық параметрлер бойынша жоғары баға алды. Ғылым мен білімді ұштастырған оқу ордасы қазіргі таңда әлем бойынша алдыңғы қатарлы университеттер тізімінде.Күннен-күнге қарыштап дамыған білім саласынан қара шаңырақ кенде емес,оқытушылар әрдайым ізденіс үстінде.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – еліміздегі тарихы терең, ерекше мәртебеге ие жоғары оқу орны және QS WUR бойынша әлемнің ең үздік 200 университетінің тобына кіреді. QS WUR жаһандық рейтингінің қорытындысы бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 150-орынға ие болды. Халық­аралық деңгейдегі рейтингте 150-орынға жайғасу бұл үлкен көрсеткіш және жетістік. Университеттің дамуына сүбелі үлес қосып, еңбек еткен оқытушы-профессорлар құрамы, ғалымдар екенін айтып өткім келеді.Бұл-біздің ортақ жеңісіміз деп есептеймін.Әлемнің үздік университеттерімен бір қатарға орналасқан Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстанның жоғары оқу орындары арасында ғана емес, Орталық Азия мен ТМД елдерінде өзінің көшбасшылық позициясын дәлелдеді.Сонымен қатар, ҚазҰУ – QS Stars Rating System халықаралық рейтингінде «Бес жұлдыз» марапатын ал­ған Орталық Азиядағы алғашқы және жалғыз жоғары оқу орны. Сондай-ақ QS by Subject пәндік рейтингінде университет төрт пән саласы мен 16 дайындық бағыты бойынша үздіктер қатарына кіреді.  

Қара шаңырақта лайықты дәрежеде білім алуға тырысатын әр студент үшін керемет мүмкіндіктер жасалған.Ел ертеңі-білімді ұрпақ екенін ескерсек, өзімізге берілген барлық мүмкіндікті толық пайдаланып, еліміздің жарқын болашағы үшін қызмет атқару бізге ата-бабадан қалған мұра екенін жадымызда ұстау керек. Осы міндетті абыроймен алып жүру, жастар үшін басты мақсат деп есептеймін.

Берсугурова Л.Ш

Шарипова А.Б

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультеті  қылмыстық құқық,қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының оқытушылары

ҚазҰУ студенттері су мәселесі талқылады

  Қазақстан Республикасының тұрақты даму саласындағы халықаралық міндеттемелеріне сәйкес,...

ҚазҰУ студенттерінің белсенді өмірі

  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тек жоғары білім...

ҚазҰУ-сапалы білім берудің үлгісі

    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) – Қазақстандағы...

ҚазҰУ-еліміздің болашақ көшбасшыларын тәрбиелейтін оқу ордасы

      Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) – Қазақстанның...

ҚазҰУ студенттері кедейлік мәселесін талқылады

Кедейлік-жалпыұлттық өзекті мәселе        Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Заң...