ҚазҰУ-да ESCAS 2023 аймақтық конференциясы өтуде

Әл-Фараби кітапханасында Еуропалық Орталық Азия зерттеулер қоғамы (ESCAS) мен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұйымдастыруымен «Үздіксіз дамудағы Орталық Азиядағы билік, адамдар және мәдени өзгерістер» атты ESCAS 2023 аймақтық конференция өз жұмысын бастады.
Конференция жұмысы Әл-Фараби кітапханасында панельдік сессияның ашылуымен басталды. Онда қатысушылар саяси басқару, әлеуметтік даму, мәдени әртүрлілік, экономикалық тұрақтылық және экологиялық тұрақтылық сынды әртүрлі тақырыптарды талқыға салды. Ғалымдар өздерінің ТДМ байланысты зерттеулер мен тәжірибелік мысалдарын ұсынып, ғылыми баяндамалар жасады. Орталық Азия зерттеулерінің Еуропалық қоғамының (ESCAS) президенті Абел Полес өз сөзінде: «Белгілі шетелдік сарапшылардың басын біріктірген диалог алаңы әлемдік ғылыми-білім беру кеңістігінде ҚазҰУ рөлін айтарлықтай арттырады», — деп ҚазҰУ басшылығына шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанына алғысын білдірді.
«Бүгінгі шараға қатысушылардың көпшілігі Еуразия мен Орталық Азия кеңістігін зерттеуші жетекші ғалымдар. Шараның ауқымы кең, әрі пәнаралық ынтымақтастық үшін өте қолайлы. Бұл ҚазҰУ-дың халықаралық деңгейде танылуына оң ықпал етеді», — деді философия және саясаттану факультетінің деканы Бекжан Мейірбаев.
Жиын жұмысына Орталық Азия, Еуропа, Канада, АҚШ елдерінен 300-ге жуық ғалымдар мен сарапшылар қатысты. Шара аясында 50 панельдік сессия жұмысы өтде. Онда ғалымдар Орталық Азиядағы билік, адамдар мен мәдени өзгерістерге байланысты заманауи сын-қатерлер мен әлемде орын алып жатқан оқиғалардың Біріккен Ұлттар Ұйымы белгілеген тұрақты дамудың 17 мақсаттарына қол жеткізуге әсерін жан-жақты талқылауда. Сондай-ақ, әртүрлі елдер ғалымдарының «Орталық Азиядағы және азаматтық қоғамдағы әйел рөлі», «Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық құрылымындағы әйелдердің мәртебесі», «Қазақстандағы Стамбул конвенциясы», «Гендерлік теңсіздік» және басқа да тақырыптарда ғылыми баяндамалар тыңдалды.
Конференция жұмысы 24 қыркүйекке дейін жалғасады. Оның аясында пленарлық отырыстар, дөңгелек үстелдер мен семинарлар өтеді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі

         Дауларды шешудің тиімді жолы

      Медиация, бітімгершілік, татулық келісімімен, яғни, басты мақсаты – екі...

Символ традиций в экоисполнении: в Алматы показали седло из переработанных материалов

На площади перед выставочным центром «Атакент» прошел масштабный фестиваль...

Методы разные, а результат один

В АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ ЗАФИКСИРОВАНЫ НОВЫЕ СЛУЧАИ ТЕЛЕФОННОГО И ИНТЕРНЕТМОШЕННИЧЕСТВА,...

Когда домбра – часть жизни 

ИМЯ ЮНОГО ДОМБРИСТА ИЗ КОКШЕТАУ АБЫЛАЙХАНА САМАТА ИЗВЕСТНО ДАЛЕКО...

Современные немецкие технологии 

В ЗЕРЕНДИНСКОМ РАЙОНЕ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ БЛИЗИТСЯ К ЗАВЕРШЕНИЮ СТРОИТЕЛЬСТВО...