12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қазақ тілі – рухани қазына

Қазақстан  Республикасының  егеменді, тәуелсіз мемлекет екендігін айқындайтын негізгі конституциялық құқық белгілерінің бірі —  мемлекеттік тіл.

Қай кезде болмасын тіл мәселесі – сөйлейтін, сол тілден сусындаған, ұлттық, ділдік белгісі болып саналатын халықтың мәселесі. Әрбір халықтың ана тілі бар десек, өз ана тіліміздің  барша болмысы, тіпті оның әрбір дыбысы мен жалғау жұрнағы әрбір шынайы азаматқа танымал, мәдени — әлеуметтік өмірде өзіндік мәні бар киелі ұғым. Ұлттың тілінің кеми бастауы ұлттың құри бастағандығын көрсетеді. Ұлтқа тілінен қымбат еш нәрсе болмасқа тиіс. Бір ұлттың  тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, мінезі айнадай көрініп тұрады. Қазақтың тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресежелсіз түндей тынық, біресе құйындай екпіндей тарихы, сар далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі – бәрі көрініп тұр. Қазақтың сары даласы кең, тілі бай. Осы күнгі түрік тілдерінің ішінде қазақ тілінен бай, оралымды, терең тіл жоқ»,- деп тіл жайында терең толғанған екен.

Қай кезде болмасын тіл мәселесі – сөйлейтін, сол тілден сусындаған, ұлттық, ділдік белгісі болып саналатын халықтың мәселесі. Әрбір халықтың ана тілі бар десек, өз ана тіліміздің  барша болмысы, тіпті оның әрбір дыбысы мен жалғау жұрнағы әрбір шынайы азаматқа танымал, мәдени — әлеуметтік өмірде өзіндік мәні бар киелі ұғым.

Мемлекеттік тіл – мемлекетіміздің бүкіл аумағында  қоғамдық қатыстардың  барлық саласында қолданылатын, мемлекеттік басқару, заң шығару,  сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі. Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайды. Лауазымды адамның тіл білмеймін деген сылтауымен құжаттарды сауал салуды, өтініштерді немесе шағымдарды қабылдаудан бас тартуы, сондай-ақ оларды мәні бойынша қарауына жол берілмейді. Сот ісін жүргізу тілі сотқа берілген құжаттардың берілуіне қарай жүргізіледі, әрбір азамат істі өзінің ана тілінде немесе өзі білетін басқа тілде жүргізуді талап етуге құқылы және өздері білетін басқа тілде  мәлімдеме жасау, түсініктеме мен  жауап бері, өтініш білдіру, шағым  жасау, аудармашының қызметін тегін пайдалануға құқылы, сол сияқты онымен қамтамасыз етіледі. 

Қазақ халқының бар рухани қуатын бойына сіңірге ардақты асылы – тілі. Әр халық өз тілі арқылы әлемді, дүниені, өмірдің құнды тағылымдарын, таниды, елінің мәдениетін жасайды, келешек ұрпаққа түйген тұжырымдарын жеткізеді, мемлекеттік тілінің мәртебесін көтереді. Біздің,  яғни қазақ халқының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Алайда азаматтар тарапынан да, мемлекет тарапынан да, оның толыққанды мемлекеттік тіл болуы үшін әлі де көп істер атқарылуы шарт.

Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Қай ұлттың өкілі болмасын Қазақстанда тұрады екен, оны қасиетті де киелі Отаным деп мойындап, оның гүлденуі үшін қызмет етуі тиіс. «Бір халықпыз, өзгелерге үлгі-өнеге көрсететін ұлтпыз. Мынау он сегіз мың ғаламның ортасынан біздің де алатын орнымыз бар» деген биік сенім, сезімде болуымыз керек. Сонымен қатар Қазақстан мемлекеттің азаматы екенімізді жан-жүрегімізбен түйсінсек, болашақ ұрпаққа Отан алдында жауапты екенін ұғындырсақ, тіл мәдениетін көтеріп, оның ішінде өзге тілдерге көлеңке түсірмей, тілін өркендетуге болады.

 Қазақ тілі – қазақтың мәдениетімен біте қайнасып жатқан рухани қазына. Қаймақты тілді пайдаланбай, қаспақтың түбін қырғыштап жүргендерге айтарым: әркімнің ана тілі тірлік үшін керек, мемлекеттік тіл бірлік үшін керек. Соны әрбір Қазақстан азаматының жүрегімен ұққаны жөн. Тіліміздің қадірін тек тіл мерекесінде ғана емес, күнделікті көтерейік!

Маңғыстау облысының қылмыстық

істер жөніндегі мамандандырылған

ауданаралық сотының сот әкімшісі м.а.

Аманкулова Забира

Қазақ тілі – ұлттың рухани тірегі

Қазақ тілі – қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық...

Уголовная ответственность несовершеннолетних

Уголовная ответственность — это самый строгий вид ответственности. Она...

Судьялар әдебі кодексі — қоғам талабынан туындаған құжат

Судьялар әдебі кодексі – сот билігінің беделін арттыруға, судьялардың...

Сот ісін мемлекеттік тілде жүргізудің мәселелері

Сот ісін мемлекеттік тілде жүргізу – құқықтық мемлекеттің маңызды...

Қоғамдық көңіл-күй мен бұқаралық саясатты бағалау мәселелері бойынша онлайн-брифинг өтті

Еуразиялық интеграция институты (ЕИИ) 2025 жылдың қорытындысын шығару контекстінде...