12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ҚАЗАҚ ТІЛІ – МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ ЖАСАМПАЗЫ

Тіл – қандай ұлтта, қай елде болсын әрқашан қастерлі де құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл – әрбір елдің жаны. Бүгінде қазақ жерінде 130-дан астам ұлт өкілдері өмір сүріп келеді. Олардың әрқайсысының ана тілі мен ата дәстүрі бар. Ол достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы, ырыс-берекенің алды, ұлттың жаны мен ары. Ұлттық мәдениеттің гүлденуі, салт-дәстүрдің одан әрі дамуы, ұрпақтар арасындағы сабақтастықтың бет бейнесіне айналады.

Тіл туралы жазу, ол туралы айтудан қашпау да, жалықпау да керек. Себебі тіл бүкіл бір халықтың жүрегі. Оның бойында ұлттық болмыс, ұлттық рух, дәстүр мен салт жатыр. Сондықтан әр халық өз тілінде мақтанып қана қоймай, оны дамытып, жұмыс жасауы керек. Себебі қазір әлемде жойылып кетуі мүмкін тілдер қатары бар. Бұл тілдер қолданыстан қалып, сөйлеуі мен өмір сүруін тоқтатқандар. Оған басты себеп сол ұлттың не халықтың жойылып кетуі тікелей себеп болады. Одан қала берді отарға тап болған елдердің де тілдері сол держава тіліне бағынып, өз өмір сүру салтын жоғалтады.

Алаш арыстары  «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деген ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен.

Мақсаты — сан ғасырлық құндылықтарды сақтау. Осы арқылы халық өзіне керегін алып, білім қоржынын кеңейтеді.

Халық тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадір-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан, қазақ тілінің тарихы әртүрлі кезеңдерді бас­тан кешкен қазақ халқының тарихымен тығыз байланысты. Әлемдегі мүйізі қарағайдай елдердің санатына енуді көздеген халықтың басты мақсаты да сауатты ұрпақ тәрбиелеу. Сауатты ұрпақ тәрбиелеу дегеніміз – өз ана тілінде еркін сөйлей алатын, оны терең меңгерген ұрпақ. Ал ана тілін жақсы білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша шын мәніндегі мәдениетті адам бола алмайтыны рас. Қазіргі таңда мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруда. Барша жастарымызды бір мақсатқа, ортақ мүддеге жұмылдыратын  елдігімізбен туған тіліміз мәңгілік жасай берсін, көк туымыз желбіреп, айбынымыз асқақтай берсін!

Жетісай ауданаралық сот актілерін

орындау бөлімінің басшысы-аға сот

орындаушысы Арыстан Қалдарбеков

Сандық технология сот жүйесінде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы қыркүйек айында «Жасанды интеллект...

Сот жүйесіндегі сандық технология

Еліміздің сот жүйесі ең алғашқылардың бірі болып сандық...

Тіл – тұрақтылық кепілі

Халқымыздың біртуар жазушысы Мұхтар Әуезовтің «Біздің заманда өз тілін,...

Судья әдебі ережелерін қатаң сақтау сот беделін нығайтады

Судья әділдіктің айнасы, тура төреліктің кепілі, заң үстемдігінің символы...

Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманың бұзылуын тергеп-тексеру және әкімшілік істерге дау айту мәселелері

Қазақстан Республикасының нарықтық экономикасы еркін бәсекелестік қағидаларына негізделген. Бәсекелестікті...