Қазақстан қалаларында қанша «Сергек» орнатылған?

Ішкі істер министрлігі Қазақстан қалаларында қанша «Сергек» камерасы орнатылғанын хабарлады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазір еліміздің тоғыз қаласында «Сергек» жобасы жүзеге асырылған.

«Қазіргі уақытта «Сергек» жобасы еліміздің тоғыз қаласында: Астана, Алматы, Өскемен, Атырау, Шымкент, Түркістан, Тараз, Семей және Ақтауда жүзеге асырылып жатыр, мұнда 34 мыңнан аса камера орнатылған», — деді ІІМ өкілдері.

Ішкі істер министрлігі мәліметінше, «Сергек» бейнебақылау камераларын орнату негізінен жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (МЖӘ) жобалары аясында жүзеге асырылған. «Сергек» жүйесінің жұмыс қабілеттілігін, техникалық қызмет көрсетуін және қолдауын «Көркем Телеком» ЖШС қызметкерлері қамтамасыз етеді.

«МЖӘ келісімі бойынша, жергілікті атқарушы органдардан пайдалану және ұстауға ақша бөлінеді. Астанада бұл жүйе алғаш рет 2017 жылы енгізіліп, ең жоғары технологиялық жобалардың біріне айналды. Алматы қаласында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жүргізушілердің тәртібін арттыру мақсатында 2021 жылы МЖӘ жобасы аясында әкімдікпен орнатылған 5034 «Сергек» камерасы бар. Сонымен қатар, қазіргі уақытта «Сергектің» қосымша 2944 камерасын орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр, оларды қосу 2023 жылдың 2-тоқсанына жоспарланған», — деп қорытындылады ІІМ баспасөз қызметі өкілдері.

Қазақстандықтар сәуір айында неше күн демалады? 

Биыл сәуір айы «ұзақ демалыссыз» өтеді. Бұл айда ешқандай мемлекеттік мереке болмағандықтан, қазақстандықтар тек сенбі және жексенбі күндері демалады.

Бүгін Жер сағаты акциясы өтеді 

28 наурызда Қазақстан тағы да жаһандық экологиялық бастаманың бір бөлігі болады: "Жер сағаты" акциясы өтеді.

Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр 

Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Алатау қаласының ерекше мәртебесі туралы» конституциялық заң жобасы екінші оқылымда қаралады.

Енді несие алу қиындайды: Кімдерге ақша берілмейді? 

1 шілдеден бастап Қазақстанда несие беру ережелері өзгереді.

Жұмыссыздарға ақша төленеді: Өтінішті қалай беруге болады? 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтар жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің тәртібі мен талаптарын түсіндірді.