12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қазақстан омбудсманы Артур Ластаев Алматы қаласының құқық қорғау органдарының басшылығымен кездесу өткізді

Адам құқықтары жөніндегі Омбудсман Артур Ластаев Алматыға жұмыс сапары аясында өзінің аумақтық Өкілі Қ. Малдыбаевпен бірге қаланың құқық қорғау органдарының басшыларымен кездесу өткізді.

Іс-шара барысында Омбудсман соңғы конституциялық реформалар туралы айтып, сондай-ақ жергілікті деңгейде бұзылған адам құқықтарын жедел қалпына келтіруді қамтамасыз ету үшін елдің әр аймағында ұсынылған Адам құқықтары жөніндегі өкілдердің рөлін атап өтті.

«Омбудсманның Алматы өкілдігіне өтініштерді өз бетінше қарау жөніндегі өкілеттіктерді берген сәттен бастап ағымдағы жылдың басынан бастап сот актілерімен, қылмыстық қудалау органдары қызметкерлерінің әрекеттерімен және т.б. келіспеушіліктерді қоса алғанда, бірқатар мәселелер бойынша 144 өтініш келіп түсті», — деп атап өтті Ластаев.

Омбудсман өз сөзінде азаптауға қатысты мәселелердің өзекті болып қалуын атап өтті.

Бүгінгі таңда азаптауға қарсы күрес саласында көп нәрсе жасалды. Атап айтқанда, Мемлекет басшысы азаптаудың алдын алуға және сотталғандардың құқықтарын кеңейтуге бағытталған заңға қол қойды.

«Заң Қазақстанның азаптаулар мен қатыгездіктің басқа да нысандарын жою, сотталғандардың құқықтарын кеңейту және түрмелердегі теріс субмәдениетінің қалыптасуының алдын алу жөніндегі дәйекті қадамдарының жалғасы болды», – деп атап өтті Ластаев.

Сондай-ақ, Уәкіл ағымдағы жылдың 13 сәуірінде Бас Прокурормен өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойғанын, оның шеңберінде қылмыстық қудалау органдары мен пенитенциарлық мекемелердің ғимараттарына бірлескен сапарлар жүргізу, өтініш берушілерге бірлескен қабылдауларды ұйымдастыру, сондай-ақ түсіндіру жұмыстарын жүргізу жоспарланғанын атап өтті.

«Омбудсман кеңсесі атқарушы немесе Құқық қорғау органдарының құзыретін алмастыруға емес, адам құқықтарын қалпына келтіруде қосымша ресурс ретінде қызмет етуге арналған», — деді Ластаев.

Іс-шара соңында Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл прокуратура, ПД және Алматы қ. Бойынша ҚАЖД өкілдерімен бірлесіп өңірдегі құқық қорғау күн тәртібін талқылап, адам құқықтарын ілгерілету мен қорғаудың нәтижелі өзара іс-қимылы жөніндегі жоспарларды белгіледі.

Адам құқықтары туралы жөніндегі ұлттық орталық

В Алматы в комьюнити-центрах проходят диалоговые площадки для молодежи

В Алматы при поддержке Управления молодежной политики города во...

Алматыдағы комьюнити-орталықтарда жастарға арналған диалог алаңдары өтуде

Алматы қаласында Жастар саясаты басқармасының қолдауымен барлық комьюнити-орталықтарда жастардың...

В Алматы завершился сезон кинопоказов под открытым небом

В Алматы при поддержке Управления молодежной политики волонтеры в...

Алматыда ашық аспан астындағы кинокөрсетілім өз мәресіне жетті

          Алматыда Жастар саясаты басқармасының қолдауымен қала волонтерлері жаз...

Ұлттық ұланда жаңа техника: Сарбаздар көлікпен күзгі вальс орындады

Құқықтық тәртіп әскерінің автопаркі жаңа көліктермен толықты. Су жаңа...