«Қазақстан – бірлік пен татулық мекені» атты кездесу өтті

Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен ҚАЖ Департаменті №15 түзету мекемесінде «Қазақстан – бірлік пен татулық мекені» атты кездесу өтті.

Оған ҚАЖ Департаменті №15 түзету мекемесінің ұжымы мен жазасын өтеушілер, Атырау облысы ҚХА этномәдени бірлестіктерінің өкілдері мен Ақсақалдар кеңесінің мүшелері, «Жәрдем-Атырау» қоғамдық қорының дін саласы қызметкерлері қатысты. Кездесуде Атырау қаласында орналасқан түзету мекемелерінде сотталғандарға этносаралық қатынастар саласындағы қоғамдық пікір, жақсы көңіл-күйді қалыптастыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, қақтығысушы тараптар арасындағы келіссөздерді жүргізу, жанжалдарды сот жүйесіне жүгінбей, медиация арқылы реттеу туралы кәсіби медиатор мен өз-өзіне қол жұмсаудың зардабы ауыр күнә екенін ұғындырған теолог-маманның кеңесі қатысушылардың үмітін үрлегендей жарқын болашаққа деген сенімдерін оятты.

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына 20 үміткер анықталды

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі конкурстық комиссияның қорытынды...

ҚазҰУ-да «Жасанды интеллект дәуірі: Баспа ісі, медиа және дизайн» атты халықаралық күзгі мектеп басталды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ұлттық баспа күніне орай...

Жетісу облысындағы инсульт орталықтарында Cerebra жасанды интеллект жүйесі енгізілді

Жетісу облысындағы барлық инсульт орталықтарында ишемиялық және геморрагиялық инсультті...

Как горный туризм может расширить экономику Алматы

Развитие Алматинского горного кластера и проекта Almaty SuperSki может...