Қазақстандық жастар энергетиктерден кейін ауруханаға түсіп жатыр — кардиолог

Жастардың энергетикалық сусындардан кейін жүрек талмасына шалдығып, ауруханаға түсуі жиілеп кетті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің жүрек-қан тамырлары хирургиясы кафедрасының меңгерушісі, Алматы қалалық кардиологиялық орталық директоры Алмат Қодасбаев айтты.

Оның айтуынша, науқастар жиі жаман әдеттерден бірден бас тарта алмай, денсаулығын нашарлатып алады.

«Жүрек-қан тамыр жүйесі аурулары жасарып барады. Біздің негізгі контингентіміз 60-70 жастан асқан, бірақ кейінгі кездері жүрек ауруларының әртүрлі түрімен ауыратындар жиі кездеседі. Негізгісі, артериялық гипертензия – бақылаусыз, саны көп. Тағы бірі инфаркт — стресс, эмоционалдық күйзеліс, зиян сусындарды шамадан тыс тұтынудан ағзаны шамадан тыс жүктеудің салдары. Бізге энергетиктерді қолданғаннан әртүрлі жүрек ауытқуы бар науқастар жиі келеді», — дейді Алматы Кодасбаев.

Өкінішке қарай, энергетикалық сусындардың жүрекке әсері туралы ғылыми зерттеулерге жеткілікті көңіл бөлінбейді дейді маман.

«Өндірушілер бұл сусын ағзаға зиян деп санамайды. Анамнез жинау кезінде пациенттер энергетикалық сусындарды асыра пайдаланғанын айтады. Жүрек соғу жиілігі өзгереді, жалпы патология байқалады. Энергетикалық сусындарға тыйым жоқ, бірақ әрбір денсаулығын қадағалайтын адам жақсы жарнамаға қарамастан, энергетикалық сусындардың ағзаға зиян екенін білуі керек», — дейді кардиохирург.

Маман жаман әдеттерден бас тартуды, салауатты өмір салтын ұстануды, жейтін тағамның сапасын қатаң бақылауды ұсынады.

Қазақстандықтар сәуір айында неше күн демалады? 

Биыл сәуір айы «ұзақ демалыссыз» өтеді. Бұл айда ешқандай мемлекеттік мереке болмағандықтан, қазақстандықтар тек сенбі және жексенбі күндері демалады.

Бүгін Жер сағаты акциясы өтеді 

28 наурызда Қазақстан тағы да жаһандық экологиялық бастаманың бір бөлігі болады: "Жер сағаты" акциясы өтеді.

Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр 

Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Алатау қаласының ерекше мәртебесі туралы» конституциялық заң жобасы екінші оқылымда қаралады.

Енді несие алу қиындайды: Кімдерге ақша берілмейді? 

1 шілдеден бастап Қазақстанда несие беру ережелері өзгереді.

Жұмыссыздарға ақша төленеді: Өтінішті қалай беруге болады? 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтар жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің тәртібі мен талаптарын түсіндірді.