Қазақстандықтар 1 шілдеден бастап қайда және қалай неке қияды?

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ қазақстандықтар енді қалай және қайда некеге тұратынын түсіндірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін АХАТ қызметі толығымен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына берілгені белгілі болған еді.

Мемлекеттік корпорация 2023 жылдың шілдесінен бастап АХАТ функциялары «Азаматтарға арналған үкіметке» берілетініне қарамастан, халыққа қызмет көрсету орталықтарында некені тіркеу жүргізілмейтінін хабарлады.

«Некені тіркеуге өтініштерді қабылдау, өңдеу, шешімдер қабылдау және нәтиже беру (қағаз немесе электрон түрде неке қию туралы куәлік не цифрлық құжаттар сервисінде қалыптастырылған цифрлық құжат) немесе бас тарту туралы дәлелді жауап беру сақталады және Мемлекеттік корпорацияның бэк-офистері деп аталатын АХАТ бөлімдерінің үй-жайларында қолданыстағы тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады», — деп түсіндірді «Азаматтарға арналған үкіметте».

Бұл ретте некені тіркеу тәртібі «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 13 және 220-237-баптарымен және «азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою қағидаларының» 78-86-тармақтарымен реттелген (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 112 бұйрығы).

Некеге тұрған адамдар өз қалауы бойынша салтанатты жағдайда тіркеуші органдардың арнайы жабдықталған үй-жайларында не арнайы тағайындалған мемлекеттік неке сарайларында тіркеле алады.

Сондай-ақ, Мемлекеттік корпорация неке қию үшін мемлекеттік баж төлемге ауыстырылатынын нақтылады.

Қазақстандықтар сәуір айында неше күн демалады? 

Биыл сәуір айы «ұзақ демалыссыз» өтеді. Бұл айда ешқандай мемлекеттік мереке болмағандықтан, қазақстандықтар тек сенбі және жексенбі күндері демалады.

Бүгін Жер сағаты акциясы өтеді 

28 наурызда Қазақстан тағы да жаһандық экологиялық бастаманың бір бөлігі болады: "Жер сағаты" акциясы өтеді.

Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр 

Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Алатау қаласының ерекше мәртебесі туралы» конституциялық заң жобасы екінші оқылымда қаралады.

Енді несие алу қиындайды: Кімдерге ақша берілмейді? 

1 шілдеден бастап Қазақстанда несие беру ережелері өзгереді.

Жұмыссыздарға ақша төленеді: Өтінішті қалай беруге болады? 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтар жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің тәртібі мен талаптарын түсіндірді.