Қазақстандықтарға аноним ақпар беруші болу ұсынылды

ҚМА экономикалық құқық бұзушылық фактілерін хабарлауға арналған Telegram ботты іске қосты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаржылық мониторинг агенттігі Telegram мессенджерінде бот іске қосты.

«Бұл құрал арқылы қазақстандықтар экономикалық құқық бұзушылықтар туралы бір-ақ батырманыбасу арқылы хабарлай алады. «AFM Insider» ресми боты бірнеше бөлімде хабарлама қалдыру мүмкіндігін береді.

Осыдан кейін сауалдың мәнін айтып, «Жіберу» түймесін басыңыз. Хабарлама аз уақытта қаралады. Анонимділікке кепілдік беріледі», — делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Telegram мессенджерінде қазақстандықтарға азаматтарды қаржы пирамидаларына тартатын алаяқтардың әрекеттерінен қорғауға арналған бот ұсынылған болатын. Оған ағымдағы жылдың басынан бері 6 мыңға жуық хабарлама келіп түсті, оның 1175 хабарламасы тек 2023 жылдың тамыз айында түскен.

Қаржылық мониторинг агенттігі жосықсыз азаматтардың заңсыз әрекеттерінің алдын алатын процестерді автоматтандыру арқылы экономикалық қылмыстармен белсенді күресті жалғастырады.

Жолданған хабарлама тек ақпарат сипатына ие және қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға негіз бола алмайды.

В селе Нарынкол Алматинской области открылась новая поликлиника

В селе Нарынкол Райымбекского района Алматинской области введена в...

Алматы облысының Нарынқол ауылында жаңа емхана ашылды

Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылында бір ауысымда...

БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ЧЕК-АП

Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан әйел журналистер клубы БАҚ...

За год Казахстан обошел Португалию и Финляндию по объему экономики

Международный валютный фонд в октябрьском обзоре мировой экономики оценил...